Елбасы • 20 Қазан, 2021

Рим кинофестивалінде Елбасы туралы фильм көрсетіледі

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл жайында Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметінің жетекшісі Айдос Үкібай Twitter парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Рим кинофестивалінде Елбасы туралы фильм көрсетіледі

«Бүгін Оливер Стоун Рим кинофестивалінде Елбасымен жасалған сұхбатқа негізделіп түсірілген «Qazaq. History of The Golden Man» фильмін таныстырады», деп жазды Айдос Үкібай.

Еске сала кетейік, «Оскар» сыйлығының 3 мәрте иегері, «Атын глобус» сыйлығының 5 мәрте иегері, атақты кинорежисер, продюсер, сценарист Оливер Стоунның продюсерлігімен жарық көрген «Qazaq. Алтын адам тарихы» атты фильмді түсіруге 19 ай уақыт кеткен.

 

Соңғы жаңалықтар