ANTIKOR • 20 Қазан, 2021

Қылмысқа қарсы күресті тиімді ұйымдастыру қажет

1254 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгінгі таңда «жұртқа жақын полиция» қағидатын іске асыру, қоғамдық тәртіпті сақтау үшін модульдік бекеттер мен учаскелік пункттер желісін дамыту, жұмысты «сервистік моделіне» көшіру, полиция қызметтерінің ашықтығын, айқындығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ халықпен «кері байланыс орнату» мәселелері маңызды.

Қылмысқа қарсы күресті тиімді ұйымдастыру қажет

Таяуда Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғым­баев­тың жетекшілігімен өткен алқа отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларының орын­­далу барысы және ішкі істер органдарының осы жылдың 9 айындағы жедел-қызметтік жұмысының қоры­­тын­дылары туралы баяндалды. Осы жиында белгілі болғандай, қабыл­данған шаралардың нәтижесінде ауыр қыл­мыс­тар, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, қарақшылық, тонау, зорлау, ұрлық, мал ұрлығы, бұзақылық санының азаюына қол жеткізілді. Оң үрдістердің ішінде кәмелетке тол­мағандар арасындағы құқық бұзу­шылықтар 30%-ға, мас күйінде құқық бұзушылық жасау 21%-ға, қоғамдық орындар мен көшелерде орын алған құқық бұзушылықтардың үштен бірге азаюын атап өту қажет. Бір­қа­тар өңір­де отбасылық-тұрмыс­тық қылмыс айтар­лықтай төмендеген.

Сонымен қатар министр интернет-алаяқтық санының өсуіне назар аударды. Азаматтардың сенімдерін пайдалана отырып, қылмыскерлер алдаудың әртүрлі тәсілдерін қолданады. Кө­бі­несе ұрланған қаражат шетелге элек­трон­ды төлем жүйелері арқылы шы­ға­рылады. «Осыған байланысты ІІМ ТМД-ға қаты­с­ушы мемлекеттердің Ішкі іс­тер министрлері кеңесінің оты­ры­сын­да елден тыс, шектес мемлекеттер аумағында жасалатын осындай қыл­мыс­­тарға қарсы іс-қимыл тетігін бір­лесіп әзірлеу туралы бастама жасады. Алаяқтық іс-әрекеттер мен түрлі қаржы пирамидаларының қызметінің кесірінен азаматтарға айтарлықтай ма­­териалдық зиян келтіріледі, бұл шұ­ғыл шараларды талап етеді», деді ведомство басшысы.

Есірткі қылмысына қарсы күрес жөнін­дегі жұмыс жеке қаралды. Есірт­кі құралдарын интернет арқылы жарна­ма­лау және тарату үшін жауап­кер­ші­лік күшейтілді. Заңсыз айналымға жедел ден қою және оны болдырмау үшін есірткінің жаңа түрлеріне ты­йым салынады, есірткінің қыл­мыс­тық жауаптылық туындайтын «кри­ми­нал­дық салмағы» төмендетіледі.

Алқа отырысында қаралған тағы бір өзекті мәселе жол қауіп­сіз­дігін қам­тамасыз ету болды. Жол апат­та­рының негізгі себебі – жүр­гізу­ші­лердің жол қауіпсіздігін сақта­ма­уы, олардың кінәсінен әрбір бесінші ЖКО жылдамдықты арттыруға байланысты, әрбір сегізінші ЖКО жолдың қарсы қозғалыс жолағына шығу немесе жол қиылыстарынан өту себебі бо­­йынша жасалады. Сондай-ақ жаяу жүргіншілердің тәртібі мен қауіпсіздігі мәселесіне ерекше назар аудару қажет. Себебі жалпы ЖКО-ның, оның ішінде өліммен аяқталған және көп адам жарақаттанған ЖКО санының өсуі.

Осыған байланысты Е.Тұрғымбаев жолдардағы қауіпсіздікті бақылауды күшейтуді, көше-жол желісіне тексеру жүргізуді, жол-пайдалану қыз­мет­терінің бұзушылықтарды жоюды ұйым­дастыруды, жол инфра­құры­лы­мы­на жауапты мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жандандыруды тапсырды. Сонымен қатар министр бейнебақылау жүйесін кеңейту, жол қозғалысы ережелерін бұзуды автоматты түрде тіркеу жүйесін белсенді қолдану және аталған бұзушылықтар үшін жазалаудың бұлтартпастығы қа­ғидатын басым бағыт деп атады.

Бі­рінші кезектегі міндеттер – жеке құ­рам арасында заңдылық пен тәртіпті сақтау, кадр саясатын жетілдіру, қоғам мен халықтың сенімінен шығатын полицейдің «жаңа форматын» құру.