Аймақтар • 20 Қазан, 2021

Туристік инфрақұрылымға қаржы құюға мүдделі

394 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматының тұмса табиғаты кез келген туристі баурап алуға қауқарлы. Ол үшін туризмнің тынысын ашып, арнасын кеңейту қажет. Бұл ретте қызмет көрсету сапасын заманауи стандарттар деңгейіне көтеріп, ақпараттық насихат жұмыстарын бір жүйеге келтірудің маңызы зор. Қуантарлығы, жеке инвесторлар өлкенің туристік инфрақұрылымын дамытуға миллиардтап қаржы құюға дайын.

Туристік инфрақұрылымға қаржы құюға мүдделі

Жеке инвесторлар бұл ба­ғытта 24,5 млрд теңге құюға даяр екенін жеткізді. Бұл туралы М­әдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың Іле-Алатау ұлттық паркіндегі ин­вес­­торлармен кездесуінде бел­гілі болды. Кездесу орны кез­дейсоқ емес, өйткені дәл осы ұлт­тық парктен экологиялық туризм­ді дамыту тәсілдерін қайта қалыптастыру жобасы басталған болатын.

Сапар барысында министр ұлттық парктерде экотуризмді дамыту басым бағыттардың бірі екенін, ал Үкімет басшысының тап­сырмасы бойынша құрылған Kazakh Tourism базасында Ал­маты тау кластерінің бірік­тіріл­ген жобалық кеңсесі барлық мүд­делі тараптың жұмысына синергетикалық әсер бергенін атап өтті.

«Жергілікті атқарушы ор­гандардың Kazakh Tourism ком­паниясының белсенді қаты­суымен үйлесімді жұ­мысының нәтижесінде Экология, геология және табиғи ресурстар ми­нистрлігі Алматы өңірінің ұлт­­тық парктеріне экотуризм бо­­йынша өз жобаларын табыс­ты іске асыратын стратегиялық инвесторларды тартты. Олардың бірі – Іле-Алатаудағы «Аюсай» визит-орталығы, ол іс жүзінде ақпараттық пункт ретінде ғана емес, білім беру, мәдени және корпоративтік іс-шараларды өт­кізу орны ретінде де жұмыс істей алатынын көрсетті», деді Ақтоты Райымқұлова.

Еске салсақ, жыл басында жеке инвесторлар Іле-Ала­та­уында визит-орталығын ашып, мұнда «Тамыр» жабайы табиғаттағы өмір сүру мек­тебі жұмыс істей бастаған бола­тын. Кездесуде кәсіпкерлер тұ­рақ­ты туризмге баса назар ауда­­ра оты­рып, «Алтын Емел», «Ша­рын» және «Көлсай көл­дері» ұлт­тық парктерінде жұмсақ және эко­логиялық таза инфра­құры­лым­дарды жүзеге асыру жобаларын таныстырды.

«Біз ұлттық парктерге инвестиция сала отырып, ең алдымен экологияны сақтауға және туризм есебінен ауыл хал­қының өмір сүру деңгейін да­мытуға мүдделіміз. Бұл күн тәр­тібі аса маңызды деп санай­мыз. Сондықтан Алматы облы­сының әкімдігіне, Kazakh Tourism жобалық кеңсесіне және Экология министрлігіне қол­дау көрсеткені үшін алғыс айт­қымыз келеді», дейді «Ша­рын» және «Алтын Емел» ұлт­тық парктерінде экологиялық ту­ризмді дамыту жобасының же­тек­шісі Жәнібек Әлкеев.

Айта кетсек, Kazakh Tourism базасында Алматы тау кластерін дамыту жөніндегі біріккен жо­балық кеңсеге Алматы қаласы мен облыс әкімдіктерінің, сон­дай-ақ өңірдегі төрт ұлттық парк­тің өкілдері кіреді.