15 Ақпан, 2014

Әлеуметтік қорғау әлеуеті

296 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІН АРҚАЛАУҒА ҚАШАНДА ДАЙЫН

А.А.МашкевичENRC компаниясы 2014 жылдың 1 сәуірінен бастап қазақстандық кәсіпорындардағы өндірістік қызметкерлердің жалақыларын өсіру туралы шешім қабылдады. Жалақы барлық кәсіпорындар бойынша орташа есеппен 10 пайызға өсірілетін болады. Бұл шешім кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларына сәйкес қабылданып отыр. «Өз жұмысымыздың барысында біз әрқашан Елбасы мен Үкіметтің қолдауын сезінеміз. Осыған біз ризамыз. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жалақыны өсіру туралы тапсырмасын орындай отырып, корпорация тағы да бір мәрте бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне және Қазақстан халқының әл-ауқатын көтеруге мүдделілігін көрсетті», деді осыған байланысты ENRC корпорациясының негізгі акционерлерінің бірі Александр Машкевич. Бүгінгі таңда ENRC кәсіпорын­дарында 75 мыңнан астам адам жұмыс істесе, оның 69 мыңы Қазақстан аумағында орналасқан кәсіпорындарында еңбек етеді. Теңге бағамының тұрақсыздығына байланысты компания жалпы Тау-кен өнеркәсібі кешені тәріз­ді негізгі өнім түрлеріне деген бағаның төмендеуінен туын­да­ған жағымсыз бәсекелестік жағ­дайында жұмыс істеді. Осы орайда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің теңге бағамын өзгер­ту туралы қабылдаған шешімі кәсіпорындар экономикасын тұ­рақтандыруға, яғни өңірлер мен жалпы елдің дамуына жағымды ық­пал етуге бағытталған шара болып табылады. «Ұлттық валютаның на­ғыз баға­мын белгілеу біз­дің инвес­тициялық бағдарл­амаларымызды қайта қарауға және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. ENRC-дің қазақстандық кәсіпорындарына капиталдық салымдар 2014 жылы 750 млн. АҚШ доллары көлемінде қарасты­рылған», деді одан әрі өз сөзінде А.Машкевич. 2012 жылы экономикалық қиын жағдайда ENRC қазақ­стан­дық кәсіпорындардағы жұмыс­шылардың жалақысын 20 пайызға өсірген болатын. Компания ұжым­дық келісімшарттардағы міндеттерді орындауды одан әрі жалғастыруда. Және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында кәсіпорын қызметкерлерінің тұрмыстық жағдайын жақсартуда қолдан келген мүмкіндіктерді жасап келеді. ENRC тобының өндірістік ак­тивтері негізінен Қазақстан Респуб­ликасында орналасқан және оның құрамына мынандай кәсіпорындар кіреді: «Қазхром» ТҰК, Жәйрем КБК, Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі (ССКӨБ), «Қазақстан алюминийі», Қазақстан электролиз зауыты (ҚЭЗ), Еуразиялық энергетикалық корпорация (ЕЭК), «Шұбаркөл Көмір» және ENRC Logistics. Осы кәсіпорындарда бүгінде 70 мыңға жуық қазақстандықтар еңбек етуде. Нақ осы мәселелерді жан-жақты тілге тиек ете келіп, Александр Машкевич ENRC-дің әлеуметтік бағдарламалары мен кәсіпорындардағы жала­қы төлеудің заманауи жүйелері қыз­меткерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталғандығын атап көрсетті. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».  

«ҚАЗЦИНК» ЕҢБЕКАҚЫНЫ КӨТЕРУГЕ КЕПІЛДІК БЕРЕДІ

Никола ПоповичҰлттық валю­та бағамына енгі­зіл­ген өзгерістер бар­ша­мызға белгілі. Атал­ған жағдайда мем­ле­ке­тіміздің азаматтар ал­дындағы әлеуметтік мін­деттемелерді сақ­тауы және орындауы үлкен маңызға ие. Біздің компания­мыз бұл міндеттің өзек­ті­лі­гін жіті түсінеді. Себебі, компания­мыз – еліміздегі ең үлкен ұжымы бар ірі кәсіпорындардың бірі. Әлеуметтік міндеттемелерді орындаудың негізгі екі тетігі бар. Оның бір бөлігін Үкімет ше­шеді. Яғни, тұрақтандыру қоры және белгіленген ба­ға­ны бекіту жүйесін қол­дану арқылы халыққа қажетті әлеуметтік-маңызды тауар түр­леріне баға өсімінің алдын алатын іс-шаралар қабылдайды. Ал екінші бөлігін еліміздің бизнес қау­ым­дастығы шешуі мүм­кін. Бұл – бизнес секторының қолынан келеді деп ойлаймыз. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі елімізде осы уақытқа дейін сәтімен жүзеге асырылып келеді. «Қазцинк» компаниясы да аталған бағдарлама ая­сында Шығыс Қазақстан облы­сындағы түрлі әлеуметтік жоба­ларға қолдау көрсетіп келеді. Мемлекет басшысы Нұр­сұл­­тан Назарбаев Үкіметтің кеңей­­тілген отырысында еңбекақы көте­рі­летінін айтты. Мемлекеттік қыз­мет­керлермен бірге ірі кәсіпорын­дар­дың жетекшілеріне, оның ішін­де өндіріс, тау-кен саласында жұ­мыс­шылардың еңбекақысын 10 пай­ызға көтеруге шақырды. Біз Ел­басының үндеуін қабыл ала оты­рып, ағымдағы жылдың сәуір айы­нан бастап «Казцинк» кәсіп­орны тобы қызметкерлерінің еңбек­ақысын көтеруге кепілдік береміз. Бұл – біздің ұжым қызметкерлерін қуанта отырып, еңбек өнімділігін арттыра түседі деген сенімдеміз. Николай ПОПОВИЧ, «Қазцинк» ЖШС басқарма төрағасы.  

ЖАЛАҚЫНЫ ӨСІРУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

Халықтың қамын қашанда бі­рін­ші кезекте ойлайтын Елба­сының кеше Үкіметтің кеңей­тіл­ген отырысында тау-кен, метал­лур­гиялық, мұнай-газ секто­рын­дағы және ұлттық компа­ния­лар­ға қызметкерлерінің жала­қы­сын көтеру мәселесін қарас­тыруды ұсынуы өндірісті өңір жұртшылығы тарапынан зор ри­залық туғызды. Отандық индус­трияның қара шаңырағы әрі көш бастаушысы саналатын аймақ­тың басым бөлігі осы сала еңбеккерлері болуына байланысты бұл ұсыныс қуана қарсы алынса, іле оны «Арселор Миттал Теміртау» АҚ алғашқылардың бірі болып қол­дауы көңілден шықты. Мұндай шешімді аталған компанияның бас директоры Вид­жай Махадеван мырза Аста­надағы алқалы жиыннан соң метал­лургиялық комбинаттың ұжымы өкілдерінің қатысуымен өткен кез­десуде мәлім етті. Онда «Біз Қазақстан Республикасының Пре­зи­денті Н.Ә.Назарбаевтың қа­лың қауымның мүддесін көз­деуін түсіністікпен қабылдап, өз еркі­­мізбен 1 сәуір­ден бастап металлург­тер мен шах­терлердің, барлық қыз­мет­керлердің еңбекақысын 10 пай­ыз­ға арттыруды ұйғардық», деді ол. DSC_8424-1 Компанияның әкімшілік директоры Анджей Выпих бұдан әрі ой-пікірлерін ортаға салғандай, кәсіпорын өндірісіндегі кейінгі жылдардағы қиын жағдайға қарамастан ұжым мүшелерінің ең өзекті мәселесі оңтайын та­буға барлық мүмкіндіктерді қарастыру назардан тыс қалған емес. Елбасының қазіргі қаржылық өзгерістерге сәйкес әлеуметтің әлуетін сақтауға үндеуі оған мүдделестікті күшейте түскені аталып, үлкен қозғау салынғаны айтылды. Бір тәуірі, соңғы үш-төрт жылдағы қиындықтардың беті қайтуы біліне бастапты. Мәселен, былтырғы жылдың аяғы мен биылғы жылдың басындағы жұмыс ырғағы өндіріс тынысын қалпына келтіруге үміттендіреді. Өнімнің өзіндік құнын қалыптастыруға, сыртқы рынокқа өнімдер өткізуді ұлғайтуға, бәсекелестік қабілетті күшейтуге мүмкіндік кеңейген. Көрші елдерге соның ішінде, Иранға экспорт көлемі өсіп келеді. Компанияның комбинаттың күш-қуатын арттыру бағытындағы мақсатынан айнымайтындығы да ортаға салынбай өтпеді. Бүгін­гі негізгі міндет – табыс­ты то­лық­тырып, еселей түсу. Табыс мол болуына орай барлық әлеуметтік мәселелердің шешілуі де жеңіл, еңбеккерлердің жалақысы да өсе түспек. Қазақстандық метал­лур­гияның алыбының адымы алымды боларына сенім нық, деді ол. Біз осы кездесуге келген бірнеше металлургпен тілдескенімізде, солардың бірі – жас горновойшы Әлібек Алпысбеков айтқандай, елдігіміз пен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынына жүріп шыңдалатын сынақ қазір. «Мен жас маман ретінде Елбасының халыққа қамқорлығын әрдайым жақсы сезінемін. Соның тағы бір айғағы – еңбекақымызды көтеруге үн тастауы болды. Расы керек, бұлай болмағанда компания әзірге әрекет жасауы беймәлім еді. Аянбай еңбек ету арқылы өз игілігімізді еселеу бізге де мерейлі міндет», деген оның сөзін әріптестері қостап, тұрақты ахуалдың сақталуына ризалық білдірді. Қанша дегенмен қаржылық өзгеріске, бағаның ептеп қымбаттауына байланысты қобалжу, абыржу білініп тұрған кезде еңбекақының өспектігі көңілге мол демеу емес пе. Бұл Елбасы ұсынысының арқасында деп біледі металлургтер мен шахтерлер. Талай қиындықты бас­тан өткерген қажырлы еңбеккер қауым ерік-жігері осы сын шақты да салмақтылықпен көтере білуді сездірді. 1930 жылдан бері мыс өндіріп келе жатқан «Қазақмыс» компания­сы өңір экономикасының өзегін құрайды. Нарықтық капиталдандыру бағасы 2012 жылдың аяғының өзінде 6,6 млрд. АҚШ доллары болған кәсіпорын басшылығы да Президент Нұрсұлтан Назар­баев­тың жалақыны көте­ру жөніндегі ұсы­нысын қолдай­тын­ды­ғы кү­мәнсіз. Бұл жөнінде нақ­ты шешім дәл кеше қабылдана қой­мағанымен, Елбасының еңбек адамының жағдайын жасауға қа­тысты ойы мыс өндірушілердің жұ­­мысын ұйымдастырушылар та­­ра­пынан түсіністік тауып отыр. Компания басшылығы осы мәселе бойынша таяу күндерде арнаулы мәлімдеме жасамақшы. Айқын НЕСІПБАЙ, «Егемен Қазақстан». ТЕМІРТАУ.