Ішкі істер министрлігінде ІІМ оқу орындарын дамыту перспективалары қарастырылған жедел кеңес өтті. Кеңес барысында Президенттің тапсырмаларын және ведомстволық білім беруді жаңғырту жөніндегі жол картасын орындау бойынша есептер тыңдалды.

Полицияның «сервистік моделіне», қылмыстық процестің үш буынды моделіне көшіруді қамтитын оқу бағдарламалары мен жоспарлары талқыланды.
Министр Ерлан Тұрғымбаев басым назар аударуды талап ететін бірқатар бағыты белгіледі, болашақ ІІО қызметкерлерінің оқу процесін сапалы ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті, проблемалық мәселелерді қарады, оларды шешу жолдарын анықтады. Осылайша, профессорлық-оқытушылық құрамды жасақтау, оның біліктілігін, сондай-ақ оқу орындарының ғылыми әлеуетін арттыру, ішкі істер органдарын жаңғыртудың 2022-2024 жылдарға арналған екінші кезеңін дайындау шеңберінде нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жөнінде нақты нұсқаулар берілді.
Министр сондай-ақ киберқылмыскерлерге қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыруға бағытталған және киберқауіптер тәуекелдерін басқару, ақпараттық қауіпсіздік пен кибер шабуылдарға төзімділікті қамтамасыз ету тәсілдері, жоғары технологиялар саласындағы қылмыстарға қарсы іс-қимылдың өзекті проблемаларын зерделеу және т. б. тақырыптарды қамтитын киберқауіпсіздік бойынша бағыттарды күшейтудің маңыздылығын атап өтті.
Жоғары оқу орындарына криминалистика саласында жоғары білікті кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз ету және полицияның «сервистік моделінде» орталық тұлғаға айналатын учаскелік инспекторлардың неғұрлым мұқият академиялық дайындығын қамтамасыз ету қажеттілігі бойынша міндеттер қойылды. ІІМ бейіндік жоғары оқу орындарының терең теориялық және практикалық дайындықтан өткен мамандарды қалыптастыру бойынша өзінің көпжылдық тарихы бар екенін атап өткен жөн.
Жоғары оқу орындарының дәстүрі бойынша ардагерлер адалдық, өз ісіне берілгендік және қызметтік борышын жанқиярлықпен орындау сияқты асыл қасиеттерді ІІО-ның жас қызметкерлеріне беріп отырады. Бүгінгі таңда оқу орындарын оңтайландыру жүргізілді, ІІО үшін мамандар даярлау ІІМ-нің бес оқу орнында жүргізілуде. Жедел-іздестіру, жедел-криминалистикалық, әкімшілік-құқықтық және қылмыстық-атқару қызметі, сотқа дейінгі тергеу, ақпараттық жүйелер, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар бойынша кәсіби
даярлау факультеттері жұмыс істейді.
Дайындық жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру факультеттерінде магистратура және докторантура бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Бұдан басқа, жыл сайын кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарынан 5000-нан астам қызметкер өтсе, қазіргі уақытта, тұтастай алғанда, жоғары оқу орындарында 1,6 мың курсант оқиды.
Өңдеу өнеркәсібінде өсім жоғары
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Ғылым академиясына қандай өзгеріс керек?
Ғылым • Кеше
Жаңа Қазақстан журналистикасы: даму бағыты
Қазақстан • Кеше
Медиаконтент: Мүмкіндіктер мен жетістіктер
Қазақстан • Кеше
Әлеуметтік мәртебесі жоқ мамандық
Қоғам • Кеше
Қымыз өндірісі өрге баспай тұр
Қазақстан • Кеше
Экономика • Кеше
Руханият • Кеше
Әдебиет • Кеше
«Жаңа Қазақстан» – арнайы жүлде
Саясат • Кеше
Гранд Сламнан бас жүлде бұйырмады
Спорт • Кеше
Құрылыс саласы қалай цифрланып жатыр?
Технология • Кеше
Құмар ойынға құныққандар елімізде 350 мыңнан асады
Қоғам • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
БҚО-да жол апатынан екі жүргізуші көз жұмды
Оқиға • Кеше
Аптап ыстық: Еліміздің тоғыз өңірінде ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Мәулен Әшімбаев ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысымен кездесті
Парламент • Кеше
Еңбек министрлігінің аппарат басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Шілдеде Қазақстанның екі облысында құрғақшылық болуы мүмкін
Ауа райы • Кеше
Көкшетауда 630 орындық заманауи аурухана салынады
Қоғам • Кеше
QazVac-тың III клиникалық сынақ нәтижесі жарияланды
Коронавирус • Кеше
«Парламент сөзі» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды
Парламент • Кеше
Мектептерде түркі тарихы жайлы жаңа пән енгізіле ме
Білім • Кеше
Колледждерге құжат қабылдау басталды
Білім • Кеше
Қызылордада есірткіге қарсы акция өтті
Аймақтар • Кеше
Сенатта «Парасат» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Парламент • Кеше
АҚШ-тың Такома қаласында атыс болды
Әлем • Кеше
Қазақстанда учаскелік инспекторлар жаңа ереже бойынша жұмыс істейді
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар