Аймақтар • 21 Қазан, 2021

Көмір кәсіпорнына – 4,6 млн теңге айыппұл

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағының 15 тармақшасына сәйкес, табиғи монополия субъектісі бекітілген тарифтік сметаны орындауға міндетті.

Көмір кәсіпорнына – 4,6 млн теңге айыппұл

«Богатырь Көмір» ЖШС-ның тарифтік сметаның орындалуы туралы есебін қарау нәти­желері бойынша, Ұлттық экономика министрлігі Таби­ғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті субъектінің бекітілген тарифтік смета шығындарының баптарын бекітілген тарифтік сметада көзделген мөлшердің 669,2 мың теңге мөлшерінде бес пайыздан астам орындамауына жол бергенін анықтады.

Осылайша, департамент 2021 жылғы 1 қазанда ««Богатырь Көмір» ЖШС-ның қоз­ғалмалы құрамның өтіп ке­туіне кірме жолдарды ұсыну қызметіне уақытша өтемдік тарифтер бекіту туралы» бұйрық шығарды, оған сәйкес тарифтер: 2021 жылғы 1 қараша – 2022 жылғы 31 қаңтар ара­лы­ғында тариф 10,62 теңге/вагон-км-ден 10,55 теңге/вагон-км-ге дейін немесе (0,7%); 2022 жыл­ғы 1 ақпан – 2022 жылғы 31 қазан аралығында тариф 11,12 теңге/вагон-км-ден 10,92 теңге/вагон-км-ге дейін немесе (1,8%) мөлшерінде төмендеді.

Жол берілген бұзушылық үшін, «Богатырь Көмір» ЖШС-ы «Әкімшілік құқық бұ­зу­­шы­лық туралы» Қазақстан Рес­­публикасының Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкім­шілік жауапкершілікке тар­тылып, 4 667 200 теңге мөл­шерінде айыппұл салынды.