Қоғам • 21 Қазан, 2021

Елде 650 шетелдік басшылық қызмет атқарады

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 қазандағы жағдай бойынша 16 190 шетелдік азамат жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша жұмыс істеп жүр, деп жазады Egemen.kz.

Елде 650 шетелдік басшылық қызмет атқарады

«Шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттардың ішінде мынадай санаттар бар: бірінші санат – 650 (басшылар және олардың орынбасарлары), екінші санат – 3 253 (құрылымдық бөлімшелердің басшылары). Тартылған ШЖК-нің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше 7 779 адам және 697 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға – 1 912 адам, ал корпоративтік ауыстыру шеңберінде – 1 899 адам тартылған», делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 883 жұмыс беруші бар. Оларда шамамен 479 мыңнан астам ел азаматтары жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 96%-ын құрайды.

Еңбекші мигранттар шығатын негізгі елдер келесі: Қытай – 3 807 адам, Өзбекстан – 1 938 адам, Түркия – 1 759 адам, Үндістан – 1 075 адам, Ұлыбритания – 962 адам.

Естеріңізге сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға арналған квота белгілейді. 

2021 жылы квота мөлшері жұмыс күшіне шаққанда 0,31%-ды немесе 29,3 мың бірлікті құрады.