Парламент Сенаты «Каспийдің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Каспий теңізін жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау хаттамасын ратификациялау туралы» Заң жобасы қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

2003 жылы Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенциясы қабылданған еді. Бүгінгі заң жобасын депутаттарға ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев таныстырды.
«Каспий теңізінде көмірсутек шикізатының ірі қорларының болуы су айдынының экологиясы мен биоресурстарын сақтау туралы мәселені өзектендіреді. Хаттаманың негізгі мақсаты – Каспий теңізінің экологиялық таза теңіз ортасына қол жеткізу және сол қалпында сақтау үшін жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызметтерден теңіз ортасының ластануын болдырмау, бәсеңдету, бақылау және барынша мүмкін болатын апаттарды жою», деді Экология министрі Сенат отырысында.
Оның айтуынша, хаттаманың негізгі бағыттары – ең озық қолжетімді технологияларды және табиғат қорғау практикасын пайдалану, оларға қол жеткізу және оларды теңіз акваториясында немесе оның жағалау аймағында тапсыру кезінде шаруашылық қызметті жүзеге асыру болмақ.
Сонымен бірге, Каспий теңізінің теңіз ортасы мен жағалау маңындағы аудандарының физикалық, биологиялық және химиялық сипаттамалары туралы, оның ішінде теңіз акваториясына жерүсті көздерінен ластаушы заттардың түсу көлемдері туралы деректер базасын құру және жүргізу көзделеді. Одан бөлек, Каспийдің теңіз ортасы мен жағалау маңындағы аудандарының жай-күйіне, оның жағалау жиегі бойындағы теңіздің ластану деңгейіне тұрақты бағалау жүргізіледі.
«Хаттама бойынша теңіз ортасына әсер етуі мүмкін қызмет түрлерінің тізбесі, сондай-ақ елеулі трансшекаралық әсерді айқындауға ықпал ететін критерийлер айқындалған. Хаттаманың іске асырылуы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық, өңірлік және трансшекаралық бағдарламаларды қамтитын ҚР Экологиялық кодексте көзделген. Конвенцияға сәйкес, тараптар өздерінің ұлттық заңнамасы бойынша қоршаған ортаға әсерді бағалауды қоса алғанда, Каспий теңізінің теңіз ортасын және жағалау маңындағы аудандарын ластанудан қорғау үшін қажетті іс-шараларға жергілікті билік органдары мен жұртшылықтың қатысуына ықпал етеді», деді С. Брекешев.
Сондай-ақ, Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі Дүйсенғазы Мусин Каспий теңізі аса маңызды стратегиялық аймақ екенін, географиялық орналасуы оны Азия мен Еуропа құрлықтарында ғана емес, дүниежүзіндегі ерекше ықпалды теңіздердің қатарына қосатынын айтты.
«Заң жобасы – Каспий маңындағы бес мемлекеттің Каспий теңізінің ластануын болғызбау және азайту жөнінде бірлескен шаралар қабылдауды айқындайды, сондай-ақ, тараптардың бұл бірегей теңіз айдынының экологиялық саулығын қолдау бойынша бірлескен іс-қимылдарын одан әрі жетілдіруді көздейді.
Сонымен қатар, хаттамада – теңіз ортасына әсер етуі мүмкін қызмет түрлерінің тізбесі, теңіздің физикалық, биологиялық және химиялық сипаттамалары туралы дерекқор құру қарастырылған. Жалпы, аталған Заң жобасы – өңірдің экожүйесінің қауіпсіздігіне, тұрақтылығы мен өркендеуіне қатысты кешенді мәселелерді реттеу бойынша тараптардың көпжақты әріптестік етуіне септігін тигізеді. Заң жобасы жұмыс топтарының, Комитеттің кезекті және кеңейтілген отырыстарында жан-жақты қаралды. Сенаттың тұрақты комитеттерінен ескертулер мен ұсыныстар келіп түскен жоқ», деді Д. Мусин.
Сенат депутаттары хаттаманы ратификациялау туралы заңды бірауыздан қабылдады. «Бүгін қабылданған заң Каспий теңізінің экология саласындағы жекелеген мәселелерін шешуді көздейді. Осы халықаралық шарт теңізді ластанудан қорғау үшін бірлескен іс-шараларды іске асыруға құқықтық негіз қалыптастырады. Алдағы уақытта осы құжат бұл бағыттағы мемлекетаралық ынтымақатстықты одан әрі кеңейтеді деп сенеміз», деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Алма импортын шектей аламыз ба?
Экономика • Бүгін, 21:15
Мектепке дайындық отбасыларға оңайға соқпай тұр
Білім • Бүгін, 21:12
Елорда • Бүгін, 21:08
Қытай бастамасынан бас тартады
Әлем • Бүгін, 21:06
Әлем • Бүгін, 21:03
Назгүл Естеусизова: Міндет – коллекторлық қызмет нарығын дамыту
Сұхбат • Бүгін, 20:59
Қоғам • Бүгін, 20:58
Өңірлерге «идеологтер» қажет емес пе?
Қоғам • Бүгін, 20:56
Аймақтар • Бүгін, 20:54
Тас жолдағы трагедия азаймай тұр
Қоғам • Бүгін, 20:46
Мырзашөл-Шардара өңіріндегі ашаршылық
Тарих • Бүгін, 20:44
Өнер • Бүгін, 20:43
Бұрынғы қолжазба – бүгінгі қазына
Тарих • Бүгін, 20:42
Әдебиет • Бүгін, 20:39
Арқаның арқары да ауып кеткен...
Қазақстан • Бүгін, 20:37
Экология • Бүгін, 20:35
Су тапшылығы қолдан жасалған жоқ па?
Аймақтар • Бүгін, 20:33
Балауыздан құйылған Абылай хан бейнесі
Өнер • Бүгін, 20:32
Өнер • Бүгін, 20:31
Өнер • Бүгін, 20:30
Спорт • Бүгін, 20:29
Спорт • Бүгін, 20:28
Өңірде өнім көлемі артып келеді
Аймақтар • Бүгін, 20:27
Абай • Бүгін, 20:26
Таным • Бүгін, 20:25
Өнер • Бүгін, 20:23
Мысырда шіркеу өртеніп, 40-тан астам адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 19:55
Алтай Көлгінов құрылыс саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
Елорда • Бүгін, 19:30
Абай облысында сақ дәуірінің ескерткіші табылды
Аймақтар • Бүгін, 18:42
Президент Балташ Тұрсымбаевтың отбасы мен туыстарына көңіл айтты
Президент • Бүгін, 18:13
Ақмола облысында газ баллоны жарылып, 1 адам көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 17:35
Ереванда сауда орталығында жарылыс болды
Әлем • Бүгін, 16:53
Қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаев дүниеден өтті
Оқиға • Бүгін, 16:10
Биыл 1 млн 119 мың га жер мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 16:03
Шетелден келген қазақ өнерпаздары Тараз жұртын өз өнерлерімен тәнті етті
Өнер • Бүгін, 15:33
Ақтау-Жетібай тасжолында көлік жарылып кетті
Оқиға • Бүгін, 14:51
Қарағанды облысында бір тәулікте жол апатынан төрт адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 14:23
Елордада Ironman Kazakhstan жарысы басталды
Елорда • Бүгін, 13:36
Ислам ойындары: Қазақстандық ауыр атлет күміс медаль алды
Ауыр атлетика • Бүгін, 12:53
Үкімет басшысы мектеп формасының бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 12:25
Ұқсас жаңалықтар