Тарих • 29 Қаңтар, 2025

«Газет» атауы қалай пайда болды?

650 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Адамзат тарихының соңғы екі ғасырлық мұғдарында жаңбыр жаумай, егін шықпай қалған күндер болғанымен, жаңалықтың жаршысы – газеттің шықпай қалған күні жоқ. Қазір ол күнделікті өміріміздің ажырамас бөлшегіне айналды. Бірақ осы Мұхтар Шаханов «Мені неге Мұхтар қойған?» деп өлең жазғаны секілді, газет неге «газет» деп аталады? Басқа сөзді қоя тұрып баспасөздің осы бір тарихына үңіліп көрейікші.

«Газет» атауы қалай пайда болды?

Әңгіменің әлқиссасынан бастайық. Публицистика –  ақпаратты тасымалдау, сол арқылы қоғамдық санаға әсер ету қажеттілігінен туған жанр. Ғалымдар оның бағзы бастауы жазба әдебиеттен де бұрын пайда болғанын айтады. Айталық бір елдің көсемі халқының алдына шығып, оларды ерлікке,  батырлық пен батылдыққа шақырып сөз сөйледі. Осылайша азаматтарын елін қорғауға публицистикалық тұрғыдан әсер етті. Әлбетте, бұл бүгінгі сіз бен біздің ойымызға орныққан публицистика емес. Бірақ соның алғашқы көрінісі.

Одан кейін көне жазба ескерткіштер ақпарат тасымалының жаңа кеңістігіне айналды. Мысыр­лық иероглифтер, гректің фрескалары, түркі дәуірінің петроглифтері жоғарыдағы ауызша мәліметтің жасын біржолта ұзартып, тарих бетіне өшпестей бәдіздеп берді. Сондықтан баспасөздің «бабасы» – балбал тас десеңіз де, қателеспейсіз.

Газеттің бүгінгі пішінге ұқсайтын прото үлгісі рим императоры  Гай Юлий Цезарьдің билігі кезінде қолданыла бастады. Қыш тақтайшаларға «Сенат қарекеті» атауымен үкімет заңнамалары мен жиналыс хаттамалары жазылып отырған. Бірақ ол кезде «газет» термині адамзат ақыл-ойында әлі көрініс таба қоймаған еді.

Бұл атау XVI ғасырда, Италияда пайда болды. Ол кезде италиялықтар кішкентай тиынды «газетта» деп атаған. Адамдар әртүрлі жарнама жазылған қағаздарды 1 «газеттаға» сатып алатын. Саудагерлер сол себепті тиынның атауын айтып, сатып алушыларды өзіне шақыратын болған. Біраз жылдан кейін Венеция тұрғындары арасында «La gazeta dele novità» тура мағынасында «1 газетталық жаңалықтар» нарыққа еніп кетті. Осылайша газет атауы термин ретінде ел санасына орныға берді.

Жоғарыда атап өткен ақпарат тасымалының пішіндерінде публицистикалық белгілер болғанымен, оның өзі болып есептелмейді. Публицистика газет-журнал бетінде жарияланғанда ғана, өзінің қызметтік әлеуетін толық аша алады. Сондықтан  қазақ баспасөзінің ресми тарих сахнасына шыққан кезі – ХІХ ғасырдың екінші жартысы. «Түркістан уалаятының газеті» (1870-1882), «Дала уалаятының газеті» (1888-1892), «Торғай газеті» («Торғай облыстық хабаршысына» қосымша, 1895-1910), «Айқап» (1911-1915) журналы – қазақ журналистикасының алғашқы  бел-белесі.

Соңғы жаңалықтар

Жарқын достықтың жемісі

Көрме • 15 Ақпан, 2025

Қаламгердің Қарқара сапары

Руханият • 15 Ақпан, 2025

Ерекше саланың генералы

Тұлға • 15 Ақпан, 2025

Картоп неге қымбат?

Баға • 15 Ақпан, 2025

Әуе кемесіндегі ерлік

Құтқарушы • 15 Ақпан, 2025

Заманауи технология және жастар

Технология • 15 Ақпан, 2025

Адасқанның айыбы жоқ...

Мәселе • 15 Ақпан, 2025

Қызыл су ойдағы жұртты ойлантады

Төтенше жағдай • 15 Ақпан, 2025

Өңірдің дайындығы қандай?

Аймақтар • 15 Ақпан, 2025

Еңбек – табыс кепілі

Форум • 15 Ақпан, 2025

Сүйек обыры да емделеді

Медицина • 15 Ақпан, 2025