Президент • 21 Қазан, 2021

Президент этносаралық мәселелерге назар аударуды тапсырды

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі этностық топтардың әлеуметтік-мәдени оқшаулануына қарсы шаралар әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент этносаралық мәселелерге назар аударуды тапсырды

«Мемлекеттік органдар, ҚХА мынадай басымдықтарға назар аударуы керек: біріншісі – мүмкіндіктер теңдігі қағидаттарына негізделген өңірлік даму», деді Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысында.

Президенттің айтуына қарағанда, әлемдегі тәжірибе этностардың оқшау шоғырлануы олардың әлеуметтік-мәдени оқшаулануына ықпал ететінін көрсеткен. Бұл этникалық анклавтардың, мәдени және тілдік кедергілердің пайда болуына, этносаралық шиеленістің өсуіне және тіпті қақтығыстардың туындауына әкеледі.

«Сондықтан, әлемдегі осындай жағымсыз тәжірибені ескере отырып, еліміздің ауылдық елді мекендері мен қалаларында тұйықталған этникалық аудандар мен қауымдардың пайда болуының теріс үрдісін еңсеру үшін жүйелі шаралар әзірлеу қажет», деді Мемлекет басшысы.