Оқиға • 21 Қазан, 2021

БҚО-да жаяу жүргіншіні жүк көлігі қағып кетті

928 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында жүк көлігі жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО-да жаяу жүргіншіні жүк көлігі қағып кетті

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше шамамен сағат 20.50-де Орал-Кирсанов жолының 61-шақырымында Бәйтерек ауданы Январцев ауылы тұсында болды.

41 жастағы жүргізуші «DAF» жүк автокөлігімен («Нефаз» жартылай тіркемесімен) 22 жастағы жігітті қағып кетті. Соның салдарынан жаяу жүргінші есін жия алмастан Оралдағы қалалық көпбейінді ауруханада қайтыс болды. Жүргізуші кінәсін толық мойындады.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, көптеген жарақат алған марқұм жансақтау шаралары жүргізілгеніне қарамастан, сағат 21.50-де көз жұмды.

Соңғы жаңалықтар