15 Ақпан, 2014

Арнайы өкілдің Астанаға сапары

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Орталық Азия бойынша Арнайы өкілі, Франция Ұлттық Ассамблеясының шетелдегі француздар атынан сайланған депутаты Тьерри Мариани 20-23 ақпан аралығында Астанада сапармен болады. ЕҚЫҰ Парламенттік Ас­сам­блеясы ұлттық парламенттер тағайындаған 323 депутаттан, сондай-ақ, халықаралық пар­ла­мент­тік ассамблеялар атынан өкіл­дік ететін бақылаушылар мен азиялық және Жерорта теңіз­дік әріптестерден құралған. Ассам­блеяның басты мақсаты ЕҚЫҰ-ның басты мақсаттарының жүзеге асуын қадағалау және Министрлер кеңесінің аясында, сондай-ақ, мемлекет басшылары мен үкімет басшыларының бас­қосу­ла­ры арқылы өз құзыретіндегі мәсе­лелерді талқылау болып табылады. Өз сапары барысында Мариа­ни Қазақстан Республикасы Пар­ламентінің Мәжілісі, Сенаты, Бас прокуратурасы және Үкіметінің өкілдерімен жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізеді. «Егемен-ақпарат».