Спорт • 21 Қазан, 2021

Қазақстандық палуан ардагерлер арасында әлем чемпионы атанды

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Грекияның Лутраки қаласында ардагерлер арасындағы спорттық күрестен әлем чемпионаты өтуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық палуан ардагерлер арасында әлем чемпионы атанды

Қазақстан құрамасы сапында павлодарлық еркін күрес палуаны Турпал - Али Сулейманов та қатысты. Ол 78 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Е дивизионында өнер көрсетті.

Финалда ол грузин спортшысы Малхаз Розомашвилиді 6:2 есебімен ұтып, алтын медальді мойнына тақты.

Грекиядағы әлем чемпионатына 35 және 60 жас аралығындағы палуандар қатысуда. Оларды жасына қарай бес топқа бөлген.

Турнир 19-24 қазан аралығында жалғасады.