Әлем • 21 Қазан, 2021

Ауғандық әйелдер тағы да шеруге шықты

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кабулда әйелдер тағы да наразылық шеруіне шықты, деп жазады Egemen.kz.

Ауғандық әйелдер тағы да шеруге шықты

Қолдарына плакат ұстап, ұрандатқан белсенділер жұмыс істеу мен білім алу құқығын талап етті.

Айта кетейік, Талибан қозғалысының билік басына келгеніне 2 ай өтсе де, жоғары сыныпта оқитын қыздар әлі күнге дейін мектепке оралмаған. Ал ел үкіметіндегі басқарушы қызметтерде бірде-бір әйел жоқ.