Бокс • 21 Қазан, 2021

Әлем чемпионатының жаңалығы Сабырхан болуы мүмкін

711 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2013 жылы бокстан Алматыда өткен әлем чемпионатында топ жарған Біржан Жақыпов ұлттық құрамаға жаңадан қосылған жеңіл салмақтағы үкілі үмітіміз Сабырхан Махмұдты екі дүркін Олимпиада ойындарының чемпионы украиналық Василий Ломаченкомен теңестірді, деп хабарлайды Egemen.kz

Әлем чемпионатының жаңалығы Сабырхан болуы мүмкін

«Мен Сабырханды жастар құрамасында жүрген кезінен білемін. Жекпе-жектерін бақылап жүремін. Ол алдына айқын мақсат қоя білген спортшы екені рас. Мінезді жігіт. Соңғы Азия чемпионатында Сабырхан үнді боксшысына есе жіберді. Алайда ол өз салмағында емес, 56 килограмм салмақта жұдырықтасты. Соған қарамастан шеберлігін көрсетті. Сабырхан менің есіме Василий Ломаченконы түсіреді. Жекпе-жектерде стилі біршама ұқсайды. Алайда оған боксшы ретінде әлі өсу керек. Қарсыластардың соққысын дарытпауға дағдыланғаны жөн», дейді әлем чемпионы.

Сабырхан Махмұд Сербия астанасы Белград қаласында жалауы желбірейтін әлем чемпионатында 54 килограмм салмақ дәрежесінде қолғап түйістіреді. Мамандар ол осы доданың жаңалығы болуы мүмкін дегенді де алға тартып отыр.