Қазақстан • 22 Қазан, 2021

Мақсат – ауыл халқының табысын арттыру

558 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін екі еседен астам ұлғайту, ішкі нарықты отандық өндірістің азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасының негізгі міндеттері.

Мақсат – ауыл халқының табысын арттыру

Ауыл шаруашылығы ми­нистрі Ербол Қарашөкеевтің ай­туынша, бұл құжат Мемлекет бас­шы­­сының тапсырмасы бо­йын­ша әзірленген, ол күш-жі­гер мен ресурстарды шоғыр­лан­дыруды қажет ететін нақты, тораптық міндеттер мен жобаларды шешуге бағытталған. «Ұлттық жобаны әзірлеу кезінде агроөнеркәсіптік кешенді да­мы­тудағы жаһандық сын-қатерлер мен әлемдік трендтер, бұдан бұ­рынғы мемлекеттік және са­ла­лық бағдарламаларды іске асыру қорытындылары ескерілді. Ұлт­тық жобаны әзірлеуге БҰҰ жанындағы халық­аралық FAO азық-түлік ұйы­мының сарапшы­лары, сала­лық одақтардың, қа­уым­дастықтардың, ғылымның өкіл­дері тартылды», деді ол.

Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес Ұлттық жо­баның мынадай негізгі мін­дет­тері айқындалды: ауыл шаруа­шылығындағы еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыру; Қазақстан ры­но­гын отандық өндірістің не­гізгі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету; өңделген өнім үлесін 70%-ға дейін жеткізе отырып, агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспортын 2 есеге ұлғайту; 7 ірі эко­жүйе қа­лып­тас­тыру және инвес­ти­ция­лық жобаларды іске асыру есебінен 1 млн ауыл тұрғынының табысын тұрақты арттыру.

Еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыру мақсатына қол жеткізу үшін жоғары сапалы тұқымдарды, минералды тыңайтқыштарды, заманауи техника мен технологияны, суармалы егіншілікті және т.б. қолдану қажет. Сондай-ақ тұқым шаруашылығын мем­ле­­кеттік қолдау шараларын іске асыру, тұқымдарды қада­ға­лау жүйесін құру, тұқым өсіру
ша­руа­шы­лықтарын қазір­гі за­манғы техни­камен және жаб­дықтармен тех­никалық жарақ­тандыру есебінен дамыту жос­парланып отыр.

Минералды тыңайт­қыш­тарды қолдану деңгейін артты­ру мақ­сатында өнеркәсіптік өн­ді­­рістің органикалық тыңайт­қыш­тарын субсидиялау және агрохимиялық қыз­меттің рес­публикалық ғылы­ми-әдістемелік орталығының қыз­меті мен ма­териалдық-тех­ни­калық базасын жетілдіру көзделген.

Осы шаралардың қабылдануы жоғары сапалы тұқымдарды пайдалану үлесін қажеттіліктің 93%-ынан 98%-ына дейін, минералды тыңайтқыштарды қолдану деңгейін 20%-дан 29%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Нәти­же­сінде, дәнді дақылдардың өнімділігі 10-15%-ға артады.

Техникалық жарақтандыру деңгейін арттыру мақсатында инвестициялық субсидиялау жалғасады, ауыл шаруашылығы тех­никасы лизингінің бағдар­ла­малары кеңейтіледі. Нәтижесінде, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейі 4%-дан 6%-ға дейін артады.

Су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу, су беруді субси­диялау тетігін жетілдіру жө­нін­де шаралар қабылданады, Қазақ­станда демонстрациялық фермалар желісін құру және қуаты жылына 1 мың қондырғыға дейінгі қазіргі заманғы суару жүйелерін шығаратын зауыт салу жобасы іске асырылады. Бұл су үнемдеу технологиялары қолданылатын алаңдарды 450 мың гектарға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Импортқа тәуелділікті төмен­дету және мал шаруашылығы өнімі­нің экспортын арттыру мақсатында қарқынды мал шаруашылығына көшу жалғастырылады. Бұл үшін фермерлік шаруашылықтарға мал сатып алуға кредит беру көле­мін ұлғайту, азық өндірісін ынта­лан­дыру, шалғайдағы мал шаруа­шылығын және жайылымдардың инфрақұрылымын дамыту, сон­дай-ақ селекцияның қазіргі за­ман­ғы әдістерін, оның ішінде жа­санды ұрықтандыру мен эмбрион­дарды телуді енгізуді ынта­ландыру жоспарлануда. Бұл өң­деуші кәсіпорындардың жүкте­ме қуаттылықтарын 100% қамта­масыз етуге, сондай-ақ мал мен құстың өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Облыстық деңгейде білік­ті­лікті дамыту орталықтары және аудандық деңгейде ауыл­дық ақпараттық-консульта­ция­лық орталықтарды жаңғырту есебінен, сондай-ақ фермерлердің біліктілігін қашықтан артты­ру­дың қазіргі заманғы нысандарын енгізу арқылы агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне білім тарату жүйесі жетілдіріледі. «Аграрлық ғылымды қаржыландырудың жет­кіліктілігін қамтамасыз ету жұмысы жалғастырылады, сала­лық гранттық қаржыландыру енгі­зіледі, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенге жан-жақты талдау жүргізу, перспективаларын бағалау, да­муын болжау үшін министрліктің ахуалдық-талдамалық орталығын құрып, жұмыс істету жоспарлануда. Коронавирус пандемиясы ішкі нарықты қамтамасыз ету басты міндет екенін көрсетіп берді. Сондықтан басым экспорттық сая­сат­пен қатар, импортты алмас­тыру мәселелері де кешенді түрде шешіледі. Министрлік ең көп им­порт­­талатын позицияларды айқын­дады, бұлар – құс еті, шұ­жық өнім­дері, ірімшік пен сүзбе, алма, қант пен балық», деді Е.Қара­шөкеев.

Бүгінгі таңда осы бағыт­тар­дың әрқайсысы бойынша нақты инвестициялық жобалар айқын­далып, іске асырылуда. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін бірқатар мемлекеттік қолдау шарасы, оның ішінде жеңілдікті кредит беру, субсидиялау, жер ресурстарымен, инфрақұрылыммен, ішкі нарықты қорғау шараларымен қамтамасыз ету іске асырылады. Нәтижесінде, 2024 жылға қарай қантты қоспағанда, осы өнім түр­лері бойынша қамтамасыз етілу 100%, ал қант бойынша 80%-ды құ­райды.

Ұлттық жобаның басым бағыттарының бірі өңделген ауыл ша­руа­шылығы өнімдерінің өндірісі мен экспортын дамыту болмақ. Бұл үшін жұмыс істеп тұр­ған кәсіпорындарды толық жүк­теуді, қазіргі заманғы кәсіпорын­дар салуды және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғыр­туды көздейтін шаралар кешені әзірленді. Бүгінгі таңда инвес­тициялық жобалар пулындағы 194 жоба – өңдеу өндірісінің қосымша өсуін және тиісінше қосымша экспорт көлемін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жаңа жобалар. Осылардың бәрі қосыла келіп, агроөнеркәсіптік кешен экспортының жалпы көлеміндегі өңделген өнім үлесін 70%-ға дейін жеткізе отырып, агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспортын 2 есеге ұлғайту туралы алға қо­йыл­ған мақсатқа қол жеткізуге мүм­кіндік береді.

Мемлекет басшысының тап­сыр­масы бойынша Ұлттық жобаның басымдығы ет, жеміс, көкөніс, қант, дәнді, майлы дақыл­дар, сүт өнімдерін өндіру мен өң­деуді қоса алғанда, ірі инвести­циялық жобалардың айналасында 7 экожүйе қалыптастыру болмақ. Бұл қосылған құны жоғары түп­кі­лікті қазақстандық өнім жасау­ға қатыса алатын кемінде 350 мың фермерлік және үй шаруа­шы­лықтарын іске тартуға мүмкіндік береді. «Жалпы, 5 жыл ішінде 4,1 трлн теңгеге 582 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Жалпы, ұлттық жобаны іске асыру нәтижесінде бес жыл ішінде еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру, 500 мың адамды жұмыспен қамтамасыз ету, осылайша 1 млн ауыл тұрғынының табысын арттыру жоспарлануда», деді Ауыл шаруашылығы министрі.