Аймақтар • 22 Қазан, 2021

Таластықтардың тартуы

362 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­тың «Бола­шаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» бағдар­ла­малық мақаласы аясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Тараз қаласында «Туған жерім – дарқан далам» тақы­ры­бын­да Талас ауданының күндері өтті.

Таластықтардың тартуы

Көне шаһардағы «Баласағұн» орта­лық концерт залы­ның алдына киіз үй тігіліп, көркем­өнер­паз­дар ән мен күйден шашу шашты. Сонымен қатар Талас ауда­нының ауылшаруашылық өнім­дерінің жәрмеңкесі ұйым­дас­тырылды. Жәрмеңкеге ауданнан 2 тонна картоп, 1 тонна көкөніс, 300 кг жылқы еті, 500 кг қой еті, 250 кг сиыр еті, 300 кг сүт өнімдері мен 200 кг балық және «Абдрахманова» жеке кә­сіп­керлігінің тәтті өнімдері қо­йыл­ды.

Аталған шараға Жамбыл облы­сының әкімі Бердібек Сапар­баев арнайы келіп қатыс­ты. Талас ауданының әкімі Қ­а­натбек Мәдібек өңір бас­шы­­­сын аудан күндері аясын­да ұйымдастырылған жұ­мыс­тар­мен таныстырды. Облыс әкімі әуелі аудандық ор­та­лық кітапхана ұйым­дас­тыр­­ған кітап көрмесін ара­­лап көрді. Одан кейін Б.Сапарбаев аудандық өлке­­тану мұражайының көрме­сі­не қойылған тарихи жәді­гер­­лермен танысты. Аудан күн­де­рі аясында «Балалар өнер мек­тебі» ұстаздарының өнерін тама­шалаған облыс басшысы оларға жоғары бағасын берді. Сондай-ақ аудан күндеріне кел­­ген көпшілік ұлттық спорт түр­лерінен ұйымдастырылған жарыстарды тамашалап, ұлттық этномәдени орталықтардың және қолөнер шеберлерінің көрмелерін көрді. Бұдан әрі Талас топырағының талантты әншілері әсем әннен шашу шашты. Концертке арнайы ша­қыртылған елімізге белгілі өнер адамдары Жігер Аупбаев пен Сара Амангелді көпшіліктің ықыласына бөленді. Іс-шара барысында Талас ауданының әкімдігі арнайы тіккен он алты қанат алып киіз үйді Тараз қала­сы­на көне шаһардың кереге­сі кең болсын деген жақсы ниетпен сыйға тартты. Жалпы, бұған дейін де Талас ауданы облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған «Таразға тарту» жобасы аясында Қазыбек би көшесінің бойынан балалар ойын алаңшасы мен Street workout салып берген болатын.

Қазақ халқында қолда барын өзгемен бөлісу, көмек қо­лын созу, жомарттық таныту ізгі қасиет болып саналады. Ға­сырлар бойы қазақ даласында жал­ғасып келе жатқан осынау дәстүрдің желісі үзілмей, бүгінге жетіп отыр. Об­лыс әкімі Б.Са­пар­баевтың бастамасымен қолға алынған «Жомарт түлек» жобасы да бүгінде өз жемісін беруде. Әулиеата өңі­рі­нен шыққан белгілі азаматтар ауылдың гүл­денуіне, дамуына өздерінің үле­сін қосып келеді.

Талас ауданы Тұрымқұл ел­ді ме­кенінің азаматтары ұйым­­­­­дасып, елге, жерге деген пер­зенттік құрметін істе­рі­­­­мен көр­сетті. Туған жерге ту ті­гуді мақ­сат еткен түлек­тер өз қара­жат­­тарына ауылдан соғыс ар­да­гер­леріне арнап «Мәңгілік алау» ескерткіші, ба­лалар ойын алаңы, «Ойық баба» мешіті және субұрқақ сияқты бірнеше нысан салып, ел игілігіне берді. Ауылдан осындай ны­сан­дардың салынғанына жер­гілікті тұрғындар да риза­шы­лықтарын білдіруде. Ал ауылдан шыққан атымтай жомарт азаматтар бұл жұмысын Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнап отыр. Аталған шараға Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров, Қа­зақ­стан мұсылмандары діни бас­қармасының Жамбыл облысы бойынша өкілі Бейбіт Мырзагелдиев, Талас аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмабек Әсемов, ауыл қариясы Әзімбай Бәйтенов жиналған көпшілікке тілектестік біл­ді­ріп, осынау игі істің ауылда атқарылуы орынды екенін жеткізді. Ал Талас ауданының әкімі Қ.Мәдібек ауылдың дамуына үлес қосқан азаматтарға Жамбыл облысы әкімінің және Талас ауданы әкімінің Құр­мет грамотасы мен Алғысхатын табыс етті. Сонымен қа­тар кә­сіпкер Мақұлбек Мыр­за­құлов «Шыңғысхан» шаруа қо­жа­лығының атынан жаңа мешіт­тің жұмысына атса­­лыс­­қан азаматтарға сый-сия­пат жасап, құрмет көрсет­ті. Ауылдықтардың ұйым­шыл­дығының нәтижесінде «Ойық баба» мешіті бір жарым жылға жуық уақыт ішінде толы­ғы­мен аяқталды. Жалпы құны 80 млн теңгеге са­лынған мешітке қаржылай де­меушілік танытқан да М.Мырзақұлов екенін айта кеткен жөн. Жиында Жиембет Бегаділов ауылдық ініле­рінің атынан М.Мырзақұловқа ат мінгізіп, шапан жапты. Бұдан кейін жиналған көпшілік «Мәң­гілік алау» ескерткішінің, бала­лар ойын алаңының, «Ойық баба» мешітінің және субұр­қақ­тың ашылу сәтін тамашалады.

Ауылдан шыққан соғыс ардагерлерінің есімдері жазыл­ған «Мәңгілік алау» ескерт­кішін «Аралбек» шаруа қожа­лығының төрағасы Ерлан Аралбеков өз қаражаты есебінен салып беріп отыр. Нысанның құрылысына 5,5 млн теңге жұмсалған. Ал «Нұртас» шаруа қожалығының төрағасы Нұрдәулет Сәрсен 3,5 млн теңгеге балалар ойын алаңын салса, «Бастаубай» шаруа қожалығының төрағасы Ғалым Бастаубаев субұрқақтың құрылысына өз есебінен 2,5 млн теңге бөліп, ел игі­лі­гі­не берді. Туған жерге деген перзенттік парызын сөзбен ғана емес, іспен де дәлелдеп жүрген азаматтар ауылды көр­кей­ту шаралары мұнымен шек­тел­мейтінін, алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтып отыр. Енді Тұрлыбай ауылынан ауыл жастары үшін спорт алаңы мен қыстық спорт залы салынады. Салтанатты жиыннан соң көпшілік көркемөнерпаздардың ұйымдастыруымен концерттік бағдарламаны тамашалады. Ша­ра соңы аламан бәйге, тай бәй­ге сияқты ұлттық ойын­дар­ға ұласты. Бәйгеден оза ша­уып келген жүйріктерге ұйым­дас­ты­рушылар тарапынан қар­жы­лай сыйлықтар мен арнайы жүл­де­лер табысталды.

Соңғы жаңалықтар