Қаржы секторындағы дәстүрлі өнімдердің бірқатары қашықтан қызмет көрсетуді жақсы игере бастады. Оның ішінде қор нарығы да бар.

Айталық, 2020 жылдың қазан айынан бастап биометриялық идентификаттауды қолданудың нәтижесінде брокерлік шарттарды қашықтан жасау мүмкіндігі пайда болды. Осылайша, қазіргі уақытта орталық депозитарийдегі шоттардың саны 201 мыңға жетті. Оның 198 мыңы жеке тұлғаларға тиесілі. Бұл ретте жыл басынан бері бөлшек саладағы инвесторлардың саны 64 мың адамға көбейген.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бағалы қағаздар нарығы департаментінің директоры Павел Афанасьевтің айтуынша, мұндай өсім жергілікті нарық үшін жақсы көрсеткіш саналады.
– Қайталама нарықтағы мәмілелерде де белсенділік артып келеді. Бұған экономикалық, инфрақұрылымды сипаттағы себептер әсер етуде. Кейбіреулер жинақ ақшасын жан-жаққа бөліп ұстағысы келеді, енді біреулер жаңа сервистердің мүмкіндіктерін пайдаланады. Тағы біразы банк депозиттеріне балама болатын құралдарға басымдық береді. Яғни бағалы қағаздар нарығындағы инвестицияларды игере бастайды. Нарық кейде мүлдем жаңа қаржы өнімдерін жасайды. Кейде дәстүрлі құралдарды сапалы түрде өзгертуге тырысады, – дейді П.Афанасьев.
Қор нарығына инвестиция салу тәуекелге толы қадам. Сондықтан реттеушіге, яғни агенттікке артылған жауапкершілік те жоғары. Өйткені тәуекелдерді барынша азайту, қаржылық қызметті тұтынушылардың құқығын қорғау қашанда маңызды.
– Кейде жергілікті инвесторлардың қиындықтармен бетпе-бет келетінін олардан түскен өтініштерден кейін біліп жатамыз. Әсіресе, бөлшек саудада мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Қазір тұтынушылар үшін мүмкіндік көп. Сондықтан саланың қыр-сырын толық түсіну қиын. Осы орайда клиент тарапынан наразылықтар туындаған жағдайда оны шешудің қандай тетіктері барын түсіндіріп, жеткізу маңызды. Инвестор құқығын қорғаудың қолданыстағы тетігі нарыққа іскерлік беделі мінсіз, қаржылық тұрғыдан орнықты, тәуекелдерді басқарудың дамыған жүйесі мен қызмет көрсетудің жоғары стандарттарына ие адал қатысушыларды шығаруды көздейді. Біз кәсіби қатысушылардың ашық болғанын, дамуға қатысты ұзақ мерзімді дұрыс үрдістерді қалыптастыруын қолдаймыз, – дейді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бағалы қағаздар нарығы департаментінің директоры.
Оның пікірінше, тәуекелдерді дұрыс бағалай білу керек. Әлем бойынша жұмыс істейтін көптеген компания бар. Ашық экономика жағдайында отандық клиенттер олардың қызметін пайдаланумен ғана шектелмейді. Бұл жағдайда тәуекел клиенттердің өздеріне жүктеледі. Ал қорғау тетіктері тиісті юрисдикция деңгейінде құрылады.
– Бұл жердегі біздің міндетіміз – дұрыс түсіндіру және ескерту. Клиент инвестициялық қызметті жүзеге асыру үшін халықаралық брокерді немесе қаржы делдалын таңдады делік. Ол сөйте тұра проблемамен бетпе-бет келсе, тиісінше осыған байланысты агенттікке шағым түсірсе, бұл біздің де мәселемізге айналып шыға келеді. Мұны елеусіз қалдыруға болмайды. Дәл осы мақсаттар үшін осы жылдың маусымында агенттік клиенттер тарапынан шағымдар түскен, уәкілетті органның лицензиясын алмаған делдалдардың тізімін, сондай-ақ олар пайдаланатын сайттарды жариялай бастады. Агенттік қазіргі уақытта аталған компанияларға қатысты қаржылық қызметтерді тұтынушылардан түскен жүздеген шағымды өңдеп жатыр, – дейді П.Афанасьев.
Шағымдар негізінен қызмет көрсету кезінде туындайтын мәселелерге қатысты. Мәселен, шоттарды негізсіз бұғаттау, клиенттердің жеке кабинеттеріне қолжетімділікті шектеу немесе қаражатты қайтару кезіндегі қиындықтарды атап өтуге болады. Өтініштер көбінесе агенттіктің бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы жоқ және резидент болып саналмайтын компаниялармен электронды түрде немесе байланыс арқылы шарт жасасқан тұлғалардан келіп түседі. Тиісінше агенттік Қазақстан заңнамасына сәйкес олардың қызметін бақыламайды және қадағаламайды. Кейбір жағдайларда агрессивті жарнамаға сенген клиенттер көбінесе компаниялардың өзіне емес, әлемдік нарықта танымал инвестициялық компаниялардың атауын пайдаланатын алаяқтарға тап болады.
– Агенттіктің бұл бағыттағы басты міндеті – Қазақстан аумағында ақпараттық және консультациялық қызметтер көрсететін бағалы қағаздар нарығындағы делдалдарды реттеу аясына енгізу. Бұл – реттеушілер арасында кең таралған тәжірие. Осы мақсаттар үшін заңнамалық деңгейде реттеу аясына форекс нарығында жеке тұлғаларға қызмет көрсететін субъектілерді қосу, инвестициялық консультация беруге қатысты жауапкершілікті күшейту, жосықсыз практикаларға және бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасауға қарсы іс-қимыл шараларын кеңейту, тиісті бағалау негізінде инвесторлардың тәуекелін айқындау ұсынылды. Заңнамалық түзетулердің аталған блогы Мәжіліске енгізілді. Бастамалар Қазақстан аумағында лицензияланбаған делдалдардың қызметін шектеуге, сондай-ақ отандық инвесторлардың құқығы мен мүддесін қорғауға мүмкіндік береді, – дейді ол.
П.Афанасьевтің пікірінше, дамыту мен реттеудің тізгінін қатар ұстаған жағдайда, реттеушілік сипатқа емес, тұтынушыға инвестициялардың жағымды тәжірибесін алуға көмек көрсету маңызды. Мұндай тәжірибенің негізі – инфрақұрылымдық ұйымдармен және кәсіби қатысушылармен бірлесіп жасауға тиіс қаржылық жүйеге деген сенім. Жаңа қызметтерді дамытуға, клиенттердің қызығушылығын арттыруға, дәстүрлі қызметтерді цифрлық форматқа ауыстыруға және экожүйелерді дамытуға болады. Бірақ осының барлығы кез келген жағдайда клиенттер жүгінетін ұйымдарға деген сенімге негізделуге тиіс. Бұл қаржы нарығының барынша тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және экономиканың дамуына жол ашады.
Құқықтық мемлекетте біліксіз заңгерлерге орын жоқ
Қазақстан • Бүгін, 00:35
Демократияға бастайтын тура жол
Референдум-2022 • Бүгін, 00:31
Экономика қайтсе еңсе тіктейді?
Экономика • Бүгін, 00:31
Тозған жылу электр орталықтарын жаңғыртсақ игі
Қазақстан • Бүгін, 00:03
Банк операцияларын реттейтін платформа
Қаржы • Кеше
Президент саябағына сакура егілді
Қоғам • Кеше
Экономика • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Қоғамды үлкен өзгерістер күтіп тұр
Референдум-2022 • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті
Президент • Кеше
Ахаң жайлы айтады ел қызықты аңыз
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Басты талап – әділ шешім қабылдау
Қоғам • Кеше
Қаржы пирамидасы: қауіп пен қатер
Қоғам • Кеше
Білім • Кеше
Орталық Азияда жоғары білім аймағы құрылады
Білім • Кеше
Өнер • Кеше
«Қасым хан» көрерменін қуанта ала ма?
Кино • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
Криптовалюта: Тәуекелі жоғары, болашағы бұлыңғыр
Қаржы • Кеше
Бес боксшымыз – жартылай финалда
Спорт • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда бүлдіршіндер балабақшадан қашып кеткен
Қоғам • Кеше
«Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігіне жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Каспий теңізіне үш адам батып кеткен
Аймақтар • Кеше
Елордада құрылыс алаңында жұмысшы қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Атырауда бекіре аулаған браконьерлер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Тимофей Скатов кезекті турнирді жеңіспен бастады
Теннис • Кеше
Текелі лай көшкінінен тазартылып жатыр
Аймақтар • Кеше
Қаңтар оқиғасы кезінде дүкен тонаған жігіт сотталды
Қоғам • Кеше
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар