Қоғам • 23 Қазан, 2021

Қазақстанда кәсіпкер әйелдердің үлесі 43%-дан асты

662 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде кәсіпкерлік саласындағы әйелдердің үлесі күн сайын артып келеді. Бұл туралы Egemen Qazaqstan газетінің 21 қазандағы санында журналист Абай Қазбекұлының «Әйелдер кәсіпкерлігі қолдау тауып жатыр» мақаласында айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда кәсіпкер әйелдердің үлесі 43%-дан асты

Қазақстандық әйел кәсіпкер­лерді Еуропалық қайта құру және даму банкі жиі қолдайды. Жыл сайын 1 мыңнан астам әйел осы банктен қаржылай қолдау табады.

«Гендерлік теңдік – Қазақ­станның әлеуметтік қана емес, экономикалық өмірінде де өзекті үрдіс. Әйелдердің экономикаға белсенді араласуы елдің дұрыс даму жолында келе жатқанын, әр адамға тең мүмкіндік бері­летінін көрсетеді. Қазіргі кезде Қазақстанның шағын және орта бизнесіндегі әйелдер кәсіп­керлігінің үлесі 43 пайызды құрайды» делінген банк хабарламасында.

Статистика бойынша, қазақ­стандық әйелдер несие төлемін кешіктірмеу бойынша да өте мұқият. Елімізде керісінше, ер­лер қауымы несие төлеміне жауап­сыз қарайтын көрінеді. Қазір­гі уақытта Еуропалық қайта құру және даму банкі әйелдер биз­несін өрістету мақсатында микро­қаржы ұйымдары мен жергілікті банктерге мақсатты несие беріп отыр. Қазірге дейін 86,5 млн доллар қаржы бөлінген. Әрине, бұл аз ресурс емес.