Аймақтар • 22 Қазан, 2021

Алматы полициясы жүргізушілерге дабыл қақты

394 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы полициясына 22 қазанда таңертеңнен бері жол-көлік оқиғасы туралы 57 хабарлама түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы полициясы жүргізушілерге дабыл қақты

Алматыда бүгін, 22 қазанда қар жауып, ауа райы күрт нашарлап кетті. Салдарынан жолдарда жазатайым оқиғалар көбейіп, әлеуметтік желілерде жол апаты туралы деректер жарияланып жатыр.

Алматы полициясы жүргізушілерді ауа райы қолайсыздығына байланысты қауіпсіздік шарасын күшейтуге шақырды.

«Үндеу қауіп жоғары көлік құралын пайдаланатын қала жүргізушілеріне арналған. Оларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, көлік жүргізу мәдениетін және ұқыптылықты арттыруға шақырамыз. Бұл үндеу қазір өзекті және жол апатының алдын алуға көмектеседі», деді Алматы қаласының Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Баятанов.