Экономика • 22 Қазан, 2021

Ақтауда халықаралық логистикалық база салынады

367 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл аяғына дейін Ақтауда Еуразия өндірістік-логистикалық базасының құрылысын бастау жоспарланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтауда халықаралық логистикалық база салынады

Бұл туралы Қытайдың Ляньюньган қаласында өткен арнайы конференция барысында белгілі болды. Қытай мен Каспий жағалауындағы мемлекеттер арасындағы мультимодельді жеткізу жүйесі Ляньюньган мен Ақтау айлақтарын байланыстырады.

Қазақстандық айлақта логистикалық қызмет көрсетумен қатар, құрастыру, өңдеу кәспорындары салынып, шекаралық сауда жүреді. Жоба арасы сегіз мың шақырым Ақтау мен Ляньюньган айлақтарының артықшылықтарын үйлестіруге арналған. Тауарлар Қазақстан аумағы арқылы Каспий жағалауындағы елдер, Кавказ, Таяу Шығыс пен Шығыс Еуропаға және кері бағытта Қытай мен Азия-Тынық мұхит аймағына тасымалданады.