Коронавирус • 22 Қазан, 2021

Шымкенттің бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы бойынша карантин шектеулеріне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкенттің бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Құжат бойынша, жұмыс уақыты демалыс күндері сағат 01.00-ге дейін, Ashyq көшбасшыларының жұмыс уақыты сағат 03.00-ге дейін деп белгіленді. Бірақ ол үшін қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болуы шарт.

«Осы тармақта көзделген «жасыл мәртебенің» болуы және жұмыс режимін шектеу туралы талап облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалға, отельдерге, қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол, автомобиль вокзалдарына, автостанцияларға, жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне, білім беру объектілеріне, ЖОО-ға, колледждерге, интернаттарға, білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайды», деп жазылған жаңа қаулыда .

Қаулының тағы бір тармағы бойынша Ashyq жобасына қатысатын бизнес объектілерінің жұмыс күндеріндегі қызмет көрсету уақыты демалыс күндеріндегі режиммен теңестірілетіні айтылған.

Ал түнгі клубтардың қызметі ішінара ғана шектелмек. Нақтырақ айтсақ, Ashyq жобасына қатысатын түнгі клубтардың қызметкерлер мен келушілерінде «жасыл мәртебе» болған жағдайда жүктелім 50%-ға дейін немесе 70 орыннан асырмай жұмыс істеуге болады.

Соңғы жаңалықтар