Әлем • 22 Қазан, 2021

Ирак Сирия шекарасына қабырға орнатты

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ирак Сирия шекарасына тікенді тор мен бақылау мұнараларынан құралған 650 километрлік қауіпсіздік қабырғасын орнатты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ирак Сирия шекарасына қабырға орнатты

Ирак армиясы елге кірген террористерді тосу мақсатымен Сирия шекарасына тікенді тор мен бақылау мұнаралары орнатылғанын хабарлады.

Ирак армиясының мәлімдеуінше, Сирия тарапымен бірге бақылау мұнараларын, термалды камералар мен тікенді тордан құралған 650 километрлік қауіпсіздік қабырғасын орнатып болған.