2025 жылға қарай барлық мектепке дейінгі ұйымдарда бала дамуының жаңа моделі енгізілетін болады. Оқыту принципі ойын арқылы жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылға қарай 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 100%-ға жетуі тиіс.
«Балалар әртүрлі жолдармен дами алады, өйткені балалар әртүрлі, біреу тезірек оқуды үйренеді, біреу баяу жүреді. Әрине, бәріне бір өлшеммен қарау дұрыс болмас еді, сондықтан білім беру бағдарламаларының мазмұнына деген көзқарас өзгеруде», дейді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағабетов.
Мүмкіндігінше көп бала мектепке дейінгі біліммен қамтылуы үшін балалар ұйымдарының желісі жеке меншік иелеріне мемлекеттік тапсырысты орналастыру арқылы дамытылатын болады.
Білім министрінің айтуынша, болжам бойынша 2025 жылға қарай мектеп орындарына деген қажеттілік те артады. Осыған байланысты, республикада 1000 жаңа мектеп салу жоспарлануда, оған 100 мыңға жуық жаңа педагог қажет болады.
«Біз 1000 мектептің құрылысы туралы айтқанда, бұл құрылыстың өзін ғана емес, кадрларды даярлау мен біліктілікті арттыруды, мектептерді жабдықтауды және үлгілік жобалар мәселелерін де қамтитын кешенді мәселе деп айтамыз», деді Аймағамбетов.
Асхат Аймағамбетов 2022 жылдан бастап педагогика, IT - саласы және техникалық білім беру бағыттары бойынша екі есе көп грант бөлінетінін айтты. 9 сынып түлектерін ТжКБ-мен 100% қамтуды қамтамасыз ету, сондай-ақ 20 құзыреттілік орталығын құру және колледждерді материалдық техникалық базамен жарақтандыру жоспарлануда.
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бойынша да нақты міндеттер тұр. Академиялық артықшылықтың 20 орталығы, Назарбаев Университетінің тәжірибесі бойынша екі өңірлік университет құрылатын болады, сондай-ақ шетелдік жоғары оқу орындары мен кампустардың бес филиалын ашу көзделуде», деп атап өтті министр.
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Бүгін, 12:51
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Бүгін, 12:10
Мемлекет басшысы БАҚ саласындағы сыйлықтар мен гранттарды беру туралы өкімге қол қойды
Президент • Бүгін, 11:33
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Бүгін, 10:20
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Бүгін, 09:18
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • Кеше
Оқиға • Кеше
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • Кеше
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • Кеше
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • Кеше
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • Кеше
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • Кеше
Парламент • Кеше
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • Кеше
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • Кеше
Аймақтар • Кеше
Екібастұз тұрғыны есірткімен ұсталды
Аймақтар • Кеше
Футболдан Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде көтерілді
Футбол • Кеше
АрселорМиттал Теміртаудағы апатқа жұмыс беруші кінәлі - комиссия
Қазақстан • Кеше
Алматыда жоғалған жасөспірім өлі табылды
Оқиға • Кеше
Еуропада коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Әлем • Кеше
Ұқсас жаңалықтар