Қазақстан • 23 Қазан, 2021

Өзбекстаннан Қазақстанға заңсыз қаржы алып өтпек болған

434 рет көрсетілді

20 000 АҚШ долларын және 23 458 000 теңгені Қазақстанға заңсыз алып өтпек болған Қырғызстан азаматы Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің «Атамекен» кеден бекетінде қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өзбекстаннан Қазақстанға заңсыз қаржы алып өтпек болған

2021 жылдың 19 қазанында сағат 14:30 шамасында Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті «Атамекен» кеден бекетінің және «КҚЖТ» шекара наряды қызметкерлерімен бірлесіп, Қазақстанға кірмекші болған «Volvo» жүк көлігін тексеру барысында, декларацияланбаған ақшаны анықтады.

«Аталмыш оқиға ҚР Қылмыстық кодексінде арнайы қаралғандықтан, Қырғызстан азаматына қатысты тиісті тергеу амалдарын жүргізу мақсатында, іс Түркістан облыстық Экономикалық тергеу департаментіне жолданды», делінген Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар

Ынтымақтастық форумы

Аймақтар • Кеше

Апаттың алдын алу

Аймақтар • Кеше

Өмірінің өзі миф...

Тағзым • Кеше

Жарықшақтар 3

Әдебиет • Кеше

«Хат қоржын»

Егемен Қазақстан • Кеше

Бірқазан бағып отыр

Аймақтар • Кеше

Ұлытаудағы «Ұлар»

Аймақтар • Кеше