Қазақстан • 23 Қазан, 2021

Кемелбек Ойшыбаев Түркияның ірі медиахолдингі «TRT» басшысымен кездесті

445 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев Түркі кеңесі медиафорумының жұмысы аясында «TRT» мемлекеттік медиахолдингінің басшысы Мехмет Собаджимен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz

Кемелбек Ойшыбаев Түркияның ірі медиахолдингі «TRT» басшысымен кездесті

Кемелбек Ойшыбаев медиа саласы мамандарын оқытуды ұйымдастыру және бірлескен контент құру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттігіне ерекше назар аударды.

Өз кезегінде Мехмет Собаджи «Қорқыт Ата» телесериалын түсіруді ұйымдастыру бойынша бірлескен жоба құруға дайын екенін білдірді. Ол бірлескен контентті құру Қазақстан мен Түркия халықтарының мәдени байланыстарын дамытуға, сондай-ақ туризмді дамытуға ықпал ететінін атап өтті.

Еске сала кетсек, 2021 жылдың 22-24 қазан аралығында Ыстамбұлда Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан және Мажарстан мемлекеттік органдары өкілдерінің, ақпарат саласындағы басшылар мен сарапшылардың, ғалымдардың, журналистердің, блогерлер мен қоғам белсенділерінің қатысуымен Түркі Кеңесінің медиафорумы өтуде.

р

Форумның күн тәртібінде – түркі әлемінің даму перспективаларына, киноиндустрияға, әлеуметтік желілерге және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қатысты мәселелер тұр.

Форум жұмысына Қазақстан делегациясының құрамында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев, Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева, еліміздің жетекші БАҚ басшылары: Ләззат Танысбай («Қазақстан» РТРК), Елдос Наширали (ҚазАқпарат), «Қазақфильм» АҚ президенті Ақан Сатаев, қоғам қайраткері Тоғжан Қожалиева, актриса Альмира Тұрсын және т.б. қатысады.

Форум ертең, 2021 жылдың 24 қазанында, танымал түрік тарихи сериалдары түсірілген платформаға экскурсиямен аяқталады.

о