Коронавирус • 24 Қазан, 2021

Ақтөбеде карантин жеңілдеді

395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысы 17-қазаннан бері «жасыл» аймақта тұр. Бүгін карантин шектеулері жеңілдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбеде карантин жеңілдеді

Ақтөбеде «Ashyq» жобасына қатысушы объектілер сағат 03:00-ге дейін, ал «Ashyq» жобасының көшбасшылары сағат 05:00-ге дейін жұмыс істей алады. Сенбі және жексенбі күндері қызметкерлер мен келушілерде «жасыл» мәртебе болған жағдайда объектілердің жұмыс істеуіне жол беріледі.

Ұлттық құрамалар, клубтық командалар үшін спорттық жаттығуларға (30 адамнан артық емес, денемен жанаспайтын әдіспен дене қызуын өлшеу, спорт базаларында тұру) рұқсат етілді. Спортшылар мен жаттықтырушылар құрамы COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау ұсынған жағдайда облыстық командаларды дайындау үшін оқу-жаттығу жиындарын өткізе алады.

Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша мейрамханада той жасағанда адам саны 70-тен аспауы тиіс.