Әлем • 24 Қазан, 2021

Тайваньда 6,5 баллдық жер сілкінісі болды

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тайваньның солтүстік-шығысында магнитудасы 6,5 баллды құраған қатты жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тайваньда 6,5 баллдық жер сілкінісі болды

Жер асты дүмпулері аралдың солтүстік-шығысындағы Илан қалалық округінің жанында тіркелді, деп  хабарлады Қытай сейсмологиялық орталығы.

Фуцзянь провинциясындағы арал мен Қытай жағалауында қатты соққылар тіркелді.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен залалдар туралы мәліметтер жоқ.

Жер сілкінісінің ошағы Елан қаласының маңында шамамен 70 шақырым тереңдікте болды.