Әлем • 24 Қазан, 2021

Нигерия түрмесінен 500-ден астам адам қашып кетті

389 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нигерияның Ойо штатындағы түрмеге қарулы адамдар тобының шабуылы кезінде 800-ге жуық тұтқын қашып кетті. Түзеу мекемесінің қызметкерлері 250-ден астам адамды ұстап, түрмеге қайтарды. Ал жасырынып үлгерген 575 адам қазіргі уақытта іздеуде, деп хабарлайды Egemen.kz The Sun Nigeria басылымына сілтеме жасап.

Нигерия түрмесінен 500-ден астам адам қашып кетті

Түрмеге шабуыл жасағандар атыс қаруларын, гранаталар мен динамиттерді қолданды. Олардың көмегімен шабуылдаушылар түрме қабырғасының бір бөлігін жарып жіберді. Содырлардың жеке тұлғалары әлі анықталған жоқ.

Түрменің ішкі бөлмелері, мекеме өкілі атап өткендей, жойылған жоқ.

Ойодағы түрме 2007 жылы салынған. Ол 160 тұтқынға арналған, бірақ шабуыл кезінде оның ішінде 907 адам болған. Олардың 92%-ы сот үкімін күтті, тек 64 адам ғана өз мерзімін өтеп отырған.