Коронавирус • 24 Қазан, 2021

«Қызыл аймақтан» қайтсек шыға аламыз?

2152 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ресейде 30 қазаннан 7 қарашаға дейін жұмысшылардың жалақысын сақтай отырып, бүкіл ел бойынша жұмыс іс­те­мейтін күндерді жариялау туралы ұсыныс қолдау тапты. Бұл ретте өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен бас­пасөз конференциясында облыстық денсаулық сақтау бас­қар­ма­сы­ның басшысы Айдар Сейітқазинов Ресей азаматтары шека­ра­лас Павлодар облысына тек ПТР анықтамасымен кіре алаты­нын атап өтті.

«Қызыл аймақтан» қайтсек шыға аламыз?

«Өңірдегі Ресей облыстарымен шекаралас бекеттерде күні-түні тұрақты бақылау жүргізіледі. Мемлекеттік шекараның 4 автомобиль өткізу бекеті бақыланады. Ресей, Беларусь елдерінің азаматтарына облыс шекарасынан өтуге тыйым салынған. Егер бар­­лық карантиндік шара сақ­тал­­са, онда біздің өңірге лок­даун енгізудің қажеті болмайды. Бұл індет жұқтырған нау­қас­тар­дың санына байланысты», деді А.Сейітқазинов.

Ал облыстық санитарлық-эпи­­демиологиялық бақылау де­­­­партаментінің мәліметінше, те­к­­­серу анықтамалары бар 491 жаяу адам және 253-і жүк көлі­гі­нің жүргізушісі шекарадан бе­рі қарай өткен. Карантиндік ста­­цио­нарға 10 адам орналастырыл­са, 4 шетелдік шекарадан кері қай­та­рылған.

Облыстық санитарлық-эпи­де­миологиялық бақылау де­пар­таментінің мәліметінше, қазан айының соңғы күндері өңірде індет жұқтырған 49 331 науқас тір­келсе, 27 035 науқас – облыс орталығының тұрғындары. Эпи­­де­миолог­тердің бағалауы бо­­йынша, індет инфекциясымен ауыр­ған сырқаттанушылық бо­­йынша өңірде жағдай әлі тұ­рақ­сыз.

«Сырқаттанғандардың арасында 296 науқас басқа өңірлерден жұқтырғаны анықталды. Жалпы, науқастар көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 6 558,4-ті құрайды. Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары, Ақтоғай, Успен, Павлодар, Май, Аққулы, Ертіс аудандары – «қызыл аймақта», Шарбақты, Железин, Тереңкөл аудандары – «сары аймақта», ал Баянауыл ауданы «жасыл ай­маққа» өтті», делінген департамент мәліметінде.

Мысалы, 11 830 науқас індет жұқтырған адамдар арасын­да байланыста болса, 33 416 науқас – пневмониямен ауырғандар және өзін өзі үйде емдегендер. Сондай-ақ 3 789 науқас про­фи­лак­тикалық мақсатта емха­наға тексерілген кезде анықталған. Вирусты анықтау мақсатында зерт­ханаларда тәулігіне 2 030 зерттеу жасалады.

Өңір шілде айынан бастап қоңыр күзге дейін «қызыл ай­мақ­та» тұр. Карантин шара­ла­рын қатаң сақтау барысы бақылауда. Бірақ облыс орталығындағы қоғамдық көлік­тер толы, авто­бус­­тар жиі жүрмейді. Ойын-са­уық, той-томалақтар жал­ға­су­да. Науқастар саны күрт кө­бе­­йіп кетсе, карантин шаралары қайта кү­шей­тілуі де әбден мүм­­кін. Сон­дықтан облыстық ден­­сау­лық сақтау басқармасы ін­деттің «ызғары азайды» деп ер­кіндікке бой алдырмай, сақтық шараларына мән беруіне, індетке қарсы екпе салдыруға шақырады. Өйткені елімізде күзге дейін ұжым­дық иммунитетті қалып­тас­­­тыру жайы айтылды. Індеттің түр­­лі штамына қарсы тұру үшін екпе алып, тұрғындар өз ден­сау­лы­ғын сақтауы қажет. Ұжым­да­ғы қызметкерлердің, өн­ді­ріс орындарындағы жұ­мыс­шы­­­­лардың, жалпы, ха­лық­тың са­­нитарлық-эпиде­миологиялық са­ламаттылығын қам­тамасыз ету үшін инфек­ция­лық аурулардың им­муно­про­филактикалық іс-ша­ра­лары жалғасуда.

Қазір өңірдегі аурухана, емханаларда 153, сауда үйлерінде, кәсіпорындарда және басқа да ны­сандарда 14 егу бөлімшесі ор­на­ласқан. Облыс орталығында еңбек ұжымдарына арналған 67 мобильді топ жұмыс істеуде.

Ал облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау де­партаментінің 21 қазандағы эпи­демиялық жағдай туралы дерек­те­ріне көз салсақ, өңірде тағы 202 адамнан індет жұқтыру жағдайы анықталған, 98 науқас сауығып шыққан екен.

 

Павлодар облысы