Теннис • 25 Қазан, 2021

Теннис: Зарина Дияс АҚШ-тағы турнирдің финалында есе жіберді

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық, әлемнің 104-ракеткасы Зарина Дияс Джорджия (АҚШ) ITF W80 турнирінің финалында ұтылып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Теннис: Зарина Дияс АҚШ-тағы турнирдің финалында есе жіберді

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 78-інші, осы жарыстың 1-ракеткасы Мэдисон Бренглмен бас жүлдені сарапқа салды. Қарсыластар осыған дейін үш рет кездесіп, соның екеуінде Зарина жеңіске жеткен екен.

Бұл жолы бірінші партияда М.Бренгл 6:4 есебімен басымдылық көрсетті. Екінші сетте З.Дияс дәл сондай есеппен қарымта қайырды. Үшінші, шешуші партияда есеп 2:2 болған мезетте Бренгл брейк жасап, алға кеткенімен, Зарина сол бойда таразы басын теңестірді – 3:3.

Бұдан кейін де қарсыластар брейк алмасты. Ақыры америкалық теннисшінің жолы болды – 6:4.

Тартысты бәсеке 2 сағат 38 минутқа созылды.

 

 

Соңғы жаңалықтар

ЖИ нарығы қалай дамып келеді?

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Аграрлы Арқа

Шаруашылық • Бүгін, 08:50

Көктем игілігі – көшет егу

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Финтех дәуірі басталды

Digital • Бүгін, 08:35

Әсем киім жарасар...

Мәдениет • Бүгін, 08:30

Дәрігерге дән ризамын

Қоғам • Бүгін, 08:25

Олжасы мол ұлттық спорт

Ұлттық спорт • Бүгін, 08:20

Жүрек қылын тербеген әуен

Өнер • Бүгін, 08:15

«ӨзенЖылу»: Ауқымды істер арнасы

Экономика • Бүгін, 08:10

Татулық пен мейірім мерекесі

Мереке • Бүгін, 08:05