Оқиға • 25 Қазан, 2021

БҚО-да жол апатынан екі адам өртеніп кетті

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал-Атырау автожолының 209-шы шақырымында, Ақжайық ауданының Ақсуат кентінен 10 шақырым жерде Лада Vesta және Лада Priora автокөліктері жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО-да жол апатынан екі адам өртеніп кетті

«Соқтығысқаннан кейін екі автокөлік те өртенген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Лада Веста көлігінің Г есімді жүргізуші мен оның С есімді 1991 жылы туған жолаушысы Ақжайық ауданының ауруханасына түрлі жарақаттармен жеткізілді. Оқиға орнында полиция және ТЖ қызметкерлері жұмыс істеп, Лада-Приора автокөлігін сөндіргеннен кейін салоннан қаза тапқан Б есімді жүргізуші мен Б есімді жолаушының денелері алынды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», делінген Полиция департаменті таратқан хабарламада.