Ол өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында «Жаңа келісімшартты күтіп жүрген жайым бар», деген жазба қалдырды.
Мария Агапова UFC-де 2020 жылдың маусым айында дебюттік жекпе-жегіне шыққан болатын. Алғашқы шайқасында ол бірінші раундта америкалық Ханна Сайферсті мерзімінен бұрын жеңген. Кейін Мария тағы бір америкалық Шейна Добсонға есе жіберді.
Бұдан соң ол UFC-де екінші мәрте жеңіске жетті. Үшінші раундта қазақстандық спортшы колумбиялық Сабин Мазоны (9-3) нокдаунға жіберді, содан кейін оны тұншықтырып, қарсыласын өз еркімен берілуге мәжбүрледі.