Коронавирус • 25 Қазан, 2021

Коронавирус: Алматыда 119 адам жансақтау бөлімінде жатыр

986 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда коронавирус жұқтырған 1205 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирус: Алматыда 119 адам жансақтау бөлімінде жатыр

24 қазан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 231 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 219, симптомсыз – 12 науқас тіркелді. Барлық емделіп шыққандар – 18, келіп түскені – 63.

«Инфекциялық стационарларда 1 205 адам бар, оның ішінде 33 бала емделуде», деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 119 адам жатыр. Ал 24 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 66 адам ем қабылдауды жалғастыруда.

High flow-да 19 аппарат жұмыс істейді. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 2 653 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 2562 науқас. 91 адамда коронавирус белгілері жоқ.