Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, 24 қазан, жексенбі күні түстен кейін қала көшелерінде атыс басталып, қақтығыс түнге дейін созылған. Зардап шеккендердің арасында жеті бала және үш әйел бар. Тағы бірнеше адам жарақат алып, жергілікті ауруханаға жеткізілді.
Бұл – 12 тамызда Талибан қаланы бақылауға алғаннан бері Гераттағы алғашқы қарулы қақтығыс.