Масканы пайдалану туралы талап дүйсенбіден бастап Финляндияның темір жол транспортында және ел астанасының қоғамдық көліктерінде жойылды. Медициналық масканы міндетті қолдану туралы талап осы жылдың наурыз айынан бастап күшіне енген болатын.
Бұдан былай жолаушылар сапар кезінде қоғамдық көлікте маска тағу-тақпау керектігін өздері шешеді. «Халықтың пікірі өзгерді», деп хабарлайды компаниялар. Қыркүйек айындағы сауалнамаға сәйкес, жолаушылардың тек 43% - ы медициналық масканы қолданғысы келетінін айтқан. Бұл көрсеткіш тамыз айында 58 пайызды құраған еді.