Коронавирус • 26 Қазан, 2021

Қазақстанда уақытша инфекциялық стационарлар жабылуда

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда уақытша инфекциялық стационарлар жабылатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда уақытша инфекциялық стационарлар жабылуда

«Қазақстан бойынша 1 тамыздан бастап инфекциялық төсектердің жұмыспен қамтылу деңгейі 56-дан 37%-ға дейін, реанимациялық төсектердің - 45-тен 30%-ға дейін төмендегені байқалады. Резервте 30 мыңнан астам төсек-орын бар. Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты уақытша инфекциялық нысандарды жабу жұмыстары жалғасуда», деді Алексей Цой Үкімет отырысында.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ағымдағы жылдың 25 тамызы мен 18 қазаны аралығында барлық өңірлерде 103 нысан (30 881 инфекциялық төсек) жабылды.