Экономика • 26 Қазан, 2021

Өндіріс қысқарып, импорт артып тұр

203 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сектордағы өндіріс қысқарып, импорт көлемі артты. Салалық қауымдастық дабыл қағуда, бірақ жағдай жақсармай тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өндіріс қысқарып, импорт артып тұр

2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте ҚР фермерлері 3,6 млрд. жұмыртқа алды. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 9% - ға аз. Оның ішінде 2,3 млрд. жұмыртқа сауда желілері мен қоғамдық тамақтану орындары арқылы сатылды, 44,5 млн. дана экспортқа жіберілді, 4,6 млн жұмыртқа өңдеу компанияларына сатылды. Өндірістік тұтыну 94,3 млн жұмыртқаны құрады, азық-түлік мақсатына қайта өңдеу - 7,6 млн. дана.

Өңірлер бөлінісінде сектордағы шығарылымның ең көп көлемі Ақмола облысына тиесілі болды: 599,6 млн дана, жылына минус 4,9%. Жетекші өңірлер үштігінде Алматы (590,4 млн дана, минус 24,6%) және Қарағанды (499,6 млн дана, минус 0,6%) облыстары да бар.

  Жалпы, 2020 жылы елімізде 5 млрд. жұмыртқа өндірілді. 2019 жылмен салыстырғанда 8,5% - ға аз.

  Жыл басынан бері елге 189,3 миллион жұмыртқа әкелінді. Бұл 2020 жылдың қаңтар-тамыз айындағыдан екі есе көп. Сонымен қатар, экспорт керісінше, бір жылда екі еседен астам, бар-жоғы 83,4 млн. жұмыртқаға дейін қысқарды. Ішкі нарықта сату да азайып, 3,3 млрд. жұмыртқаны құрады, жылына минус 4,9%.

 Ағымдағы жылдың қыркүйек айында бірінші санаттағы он жұмыртқаның орташа бағасы 355 теңгеге жетті. Бір жыл бұрынғыға қарағанда 16,4% - ға жоғары.

Ірі қалалар мен мегаполистер арасында елдегі ең жоғары бағалар Алматыда (он жұмыртқа үшін 486 тг), Нұр-Сұлтанда (432 тг) және Талдықорғанда (405 тг), ең төмен бағалар Қарағандыда (262 тг) тіркелді.

 Жылдық динамикаға қарасақ, бағаның өсуін Алматы облысының тұрғындары қатты сезінді. Сондай-ақ Жамбыл облысы (25,5% - ға) және Алматы (21,6% - ға) бойынша күрт қымбаттаған. Ең төмен өсім Қызылорда облысында (2,9% - ға) тіркелді.