Экономика • 26 Қазан, 2021

Аяқ киімді сандық таңбалауға қалай дайындалу керек?

439 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде аяқ киім өндірумен немесе сатумен айналысатын кәсіпкерлер 1 қарашаға дейін тауарларын міндетті цифрлық таңбалауға дайындалуы қажет. Ол үшін өндірушілер, импорттаушылар және бөлшек сатушы заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкер ЭЦҚ-ны пайдаланып, таңбалау жүйесіне тіркелуі тиіс, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аяқ киімді сандық таңбалауға қалай дайындалу керек?

Ол үшін электрондық пошта мен телефон нөмірі көрсетіліп, қалған барлық деректер ЭЦҚ-мен жасалады.

Өндіруші және импорттаушыда GTIN (қаптаманың штрих-коды) бар болса, жүйеде жұмысты бастай алады. «Тауарлардың ұлттық каталогы» бөліміне кіріп, «Субаккаунт» бөліміндегі профиль өлшемдеріндегі өндіруші туралы деректерді толтырады және тауарды «Тұтынушылық қаптама» бөлімінде тіркей алады. Ал егер GTIN болмаса, олар GS1 Kazakhstan қауымдастығына кіруі керек.

Қазірдің өзінде «Тапсырыстарды басқару станциясы» бөлімінде тауардың әр данасына таңбалау кодтарына тапсырыс беруге, оларды PDF немесе CSV форматында түсіріп, кез келген принтерде басып шығаруға және қорапқа, аяқ киімге немесе тауар белгісіне қолдануға болады.

Өндірушілер аяқ киімді сатуға шығарғанға дейін өндірісте, импорттаушылар – дайындаушы зауытта немесе ҚР кеден қоймаларында таңбалайды.

1 қарашадан бастап Қазақстанда таңбаланбаған аяқ киім өндіруге және импорттауға тыйым салынады. Ондай аяқ киім қалдықтарын 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін сатуға болады, содан кейін сөрелерде тек цифрландырылған аяқ киім болуы тиіс.