Коронавирус • 26 Қазан, 2021

Екпе салдыруда белсенділік байқалады

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екпе салдыруда белсенділік байқалады

«25 қазан күнгі мәлімет бойынша, коронавирустық инфекцияның 239 жағдайы тіркелген. Оның 225-інен симптом байқалса, 14-і симптомсыз. 233 адам емделіп, шығарылды. 107 адам ауруханаға түсті. Барлығы инфекциялық стационарларда (2334 төсек) 1064 адам, оның ішінде 28 бала бар. Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде барлығы 105 пациент жатыр. 21 ИВЛ, инвазивті емес 56 ИВЛ, High flow - да 24 аппарат жұмыс істейді», деп хабарлады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.

Өткен тәулікте бірінші компонентпен – 1472 адам, екінші компонентпен – 2481 адам екпе салдырған. 2021 жылдың 1 ақпанынан 25 қазанына дейінгі аралықта бірінші компонентпен 988 777, екінші компонентпен - 917 723 адам екпе алған. Вакцинация салдырған 60 жастан асқан адамдардың жалпы санынан 120 203 адамды құрайды.