Аймақтар • 26 Қазан, 2021

Пара алған СҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы сотталды

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавл қалалық сотында Солтүстік Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қабдрахман Сақтағановқа қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Пара алған СҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы сотталды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы «Денсаулық» жеке коммерциялық емес мекемесінің директоры Айнагүл Қарабаевадан 200 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.

Іс материалдарынан Қарабаеваның Сақтағановқа 200 мың теңге бергені белгілі болды. Ақша облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы уәкілетті және атқарушы органдарды жеке медициналық мекемеге жұмыс істеуге келген жас мамандарға көтерме ақы төлеуге көндіру үшін арналған.

Іс жеңілдетілген режимде қаралды, себебі сотталушылар өз кінәсін мойындап, іс жүргізу келісімін жасады.

Сот Қабдрахман Сақтағановқа пара сомасынан 30 есе мөлшерде - 5,8 миллион теңге айыппұл түрінде жаза тағайындады. Ал Айнагүл Қарабаева 4 млн теңге көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. Екеуі де өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.