«Полицияның «102» арнасына елорда тұрғынынан ұлының айғай-шу шығарып, балағаттағанына байланысты шақырту түсті. Қорқып қалған 64 жастағы әйел полиция шақырды.
Аталған факті бойынша Есіл аудандық полиция басқармасының учаскелік полициясы 31 жастағы жанжалқойды ұстап, уақытша оқшаулау бөлмесіне қамады. Бұзақының үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабымен отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас саласындағы заңға қайшы әрекеті үшін әкімшілік хаттама толтырылды», деп атап өтеді Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Ведомство мәліметінше, Нұр-Сұлтан қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен аталған жігіт 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар сот зәбір көрген әйелді 30 тәулікке қорғауға алу туралы ұйғарым шығарды.