Спорт • 26 Қазан, 2021

Дінмұхамед пен Мақсат әлем чемпионы атанды

829 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италияның Лидо-Ди-Иезоло қаласында кикбоксингтен ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дінмұхамед пен Мақсат әлем чемпионы атанды

Байрақты бәсекеде әлемнің кіл мықты спортшылары додаға түсіп, шаршы алаңда барын салып бақты. Байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған тараздық үш спортшы жүлдегер атанды. Алдымен 51 келі салмақ дәрежесінде топқа түскен Дінмұхамед Баймұратов қарсыластарының барлығынан айласын асырып, алтын жүлде иегері атанса, 71 келіде Мақсат Үсіп Дінмұхамедтің табысын қайталады. Ал 57 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Бибарыс Сауханбекке жаһандық жарыстың қола жүлдесі бұйырды.

 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше