Мемлекеттік орталық музейде «Көшпенділер» трилогиясы – «Тәуелсіздік жаршысы» атты көрме ашылды. Жобаны музей ұжымы Ілияс Есенберлин қорымен бірлесе ұйымдастырды.

Биыл тарихымызды таразылаған іргелі туындының жарыққа шыққанына елу жыл толды. Осыған орай көрме аясында Ілияс Есенберлиннің 6 томдық толық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті. Басылымға жазушының барлық шығармасы, оның ішінде «Көшпенділер» және «Алтын Орда» тарихи эпопеялары, сонымен қатар кеңестік кезеңде жарық көрмей қалған романдары да еніп отыр. Айтулы еңбек Нұрсұлтан Назарбаев қоры, Нұрлан Смағұлов қоры және «Монтажспецстрой» АҚ қолдауларымен жарық көрген.
Көрменің салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстанның халық жазушысы, ақын Олжас Сүлейменов, Мемлекеттік орталық музейінің директоры Нұрсан Әлімбай, Атбасар қаласындағы Ілияс Есенберлин музейінің директоры Ұлбосын Даниярқызы, І.Есенберлин атындағы №25 гимназияның ұстаздары қатысты. Жазушының отбасы атынан немересі Мәди Есенберлин сөз сөйледі. Тағылымды іс-шарада көрнекті қаламгердің еңбек жолы, шығармалары мен өмірі жайлы өзекті ойлар айтылып, Есенберлин еңбектерінің ұрпақ тәрбиесіндегі маңыздылығы атап өтілді.
– Тарихи романның идеялық көркемдік биігі жоғары. Халқымыздың сан ғасырлық тағдырын кестелі тілмен бейнелеген шығарма уақыт өткен сайын өзінің өміршеңдігін көрсетіп отыр. Жалпы, Ілияс Есенберлин мұрасы ұлт әдебиеті мен мәдениетінің баға жетпес қазынасы. Бүгінгі көрмеде тағылымды тұлғаның өмір белестерінен сыр шертетін құнды жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылды. Бұл өскелең ұрпақты ата баба өмірінен тағылым алып, ұлтының тарихын жадында зерделеуге шақырады деп сенеміз, – дейді Нұрсан Әлімбай.
АЛМАТЫ
Қарымта кездесуде қауқар көрсете алар ма екен?
Спорт • Кеше
Жұрт көңілін аулаған мектеп жәрмеңкесі
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Электронды шылымға шырмалғандар
Қоғам • Кеше
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Түркия-Ресей: Газ мәселесінде келісімге келді
Әлем • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Спорт • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Астана Опера»: Таңғалдыратын дүкендер ашады
Елорда • Кеше
Таным • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Өскемен тұрғынынан есірткі тәркіленді
Оқиға • Кеше
Рината Сұлтанова Түркияда тағы бір алтын иеленді
Спорт • Кеше
Израиль армиясы Газаны атқылап жатыр
Әлем • Кеше
Ақтаулық бала жағалаудағы шұңқырға құлап кетті
Оқиға • Кеше
Қазақстандық кәсіпқой боксшылардың рейтингісі жаңарды
Кәсіпқой бокс • Кеше
Жалған құжатпен қоғамдық көлікті басқарған жүргізуші ұсталды
Аймақтар • Кеше
Шымкентте 9 жастағы бала тоққа түсіп қалды
Оқиға • Кеше
Кубаның мұнай сақтау қоймасында жойқын жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Елордада бес автобустың бағыты өзгерді
Елорда • Кеше
Ыстықкөлде жоғалып кеткен спортшы табылды
Оқиға • Кеше
7 тамызға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
2652 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Медицина • Кеше
Коронавирус жұқтырған 9 пациенттің жағдайы нашар
Коронавирус • Кеше
Павлодарда самокат тепкен баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Кеше
Оралда стадионнан адамның денесі табылды
Оқиға • Кеше
Ұқсас жаңалықтар