Коронавирус • 27 Қазан, 2021

Бес өңір «сары» аймақта тұр

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп жазады Egemen.kz.

Бес өңір «сары» аймақта тұр

«Қызыл» аймақта: Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары. 

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары. 

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.