Аймақтар • 27 Қазан, 2021

СҚО әкімінің орынбасары қызметінен кетуі мүмкін

659 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің денсаулық сақтау саласына жетекшілік ететін орынбасары қарамағындағы қызметкердің кесірінен қызметінен айрылуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО әкімінің орынбасары қызметінен кетуі мүмкін

«Біз заңды орындаймыз. Егер бағынышты адамның кінәсі дәлелденсе, тиісінше салаға жетекшілік ететін орынбасар тарапынан отставкаға кету туралы өтініш берілуі тиіс», - деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов,

Естеріңізге сала кетейік, 26 қазан күні  Сот Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Қабдрахман Сақтағановқа "Денсаулық" ЖМУ директорынан пара алғаны үшін 5,8 млн теңге көлемінде айыппұл салуға үкім шығарды.

БАҚ өкілдерімен кездесуде өңір басшысы Құмар Ақсақалов Денсаулық сақтау саласына Асқар Сақыпкереев жетекшілік ететінін айтты. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, үкім заңды күшіне енгеннен кейін ол отставкаға кету туралы өтініш жазуға міндетті.