Оқиға • 27 Қазан, 2021

Ресей азаматы шекарада суық қарумен ұсталды

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қосақ» өткізу пунктінде Ресейдің 46 жастағы тұрғынының жеңіл көлігінен электрошокер табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресей азаматы шекарада суық қарумен ұсталды

«Павлодар облысы Успен ауданының полициясына шекара қызметкерлері «Қосақ» шекара бақылауы бөлімінде Ресей Федерациясының 46 жастағы тұрғынының «Хонда» көлігінен рұқсат қағаздары жоқ «Тандер к.222» маркалы электрошокер анықталғанын хабарлады», деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінен.

«Иесі Қазақстанға электр қаруын кіргізуге рұқсат беретін құжаттарының жоқ екенін растады», деп атап өтті Павлодар облысы Успен ауданына қарасты әкімшілік полиция бастығы Александр Семенченко.

«Электр қаруын заңсыз сақтау және тасымалдаған Ресей Федерациясы азаматына қатысты әкімшілік өндіріс қозғалып, электрошокер алынған. Материал сотта қаралып, РФ 46 жастағы азаматына 20 АЕК (58 340 теңге) көлемінде айыппұл салынды», деп атап өтті А.Семенченко.

2021 жылдың басынан бері павлодарлық полицейлер қаруды заңсыз сатып алу, тапсыру, сату, сақтау, алып жүру және тасымалдаған 92 адамды жазаға тартты.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше