Аймақтар • 27 Қазан, 2021

Түркістанда экстремистік материалдар таратқан тұрғын ұсталды

539 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының полиция департаменті деструктивті-діни ағымға байланысты экстремистік материалдарды таратқан күдіктінің ұсталғаны туралы хабарлайды, деп жазады Egemen.kz.

Түркістанда экстремистік материалдар таратқан тұрғын ұсталды

«Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Түркістан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері деструктивті-діни ағымның идеологиясын насихаттайтын экстремистік сипаттағы бейнероликтер мен басқа да материалдарды орналастыру фактілерін анықтады. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері экстремистік материалдарды таратқан күдіктіні анықтап, ұстады. Ол Түркістан облысының тұрғыны болып шықты», делінген хабарламада.

Ұсталған адамнан діни сипаттағы аудиожазбалары бар ұялы телефондар, тыйым салынған діни әдебиеттер және өздігінен жазылған парақтар алынды.

Аталған фактіні полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 256-бабы «Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру» бойынша тіркеді. Ұсталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бірқатар сараптамалар тағайындалды.