Кәсіпқой бокс • 27 Қазан, 2021

Бекзат Нұрдәулетов: Жыл соңына дейін ұлттық құрамадамын

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әуесқой бокстан әлем чемпионы (81 килограмм) Бекзат Нұрдәулетов кәсіпқой боксқа бет бұрғанымен, әзірге ұлттық құрамадан кетуге ниетті емес, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бекзат Нұрдәулетов: Жыл соңына дейін ұлттық құрамадамын

«Мен жылдың соңына дейін ұлттық құраманың сапындамын. Одан кейін қалай болатынын федерация басшылығы және бапкерлермен кеңесіп шеше жатармыз. Кәсіпқой бокс әлемінде жүрген спортшыларға 15 жекпе-жек өткізгенге дейін әуесқой бокста бақ сынауға мүмкіндік қарастырылған. Ол мүмкіндікті де мүлт жіберуге болмас.

Мен алдағы шайқастардың бірінде құрлықтық белбеулердің бірін жеңіп алсам деймін. Одан кейін де биіктерді бағындырып, жанкүйерлерді қуантқым келеді. Әлбетте, кәсіпқой бокстың Меккесі АҚШ екенін елдің бәрі біледі. Түптің түбінде сонда барып, жоғары жетістіктерге жетуге күш саламын», дейді ол.