Үкімет • 27 Қазан, 2021

Үкімет Астана мемлекеттік қызмет хабына қолдау көрсету келісімін ұзартты

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Үкіметі БҰҰ Даму бағдарламасымен Астана мемлекеттік қызмет хабына қолдау көрсету келісімін ұзартты. Бұл туралы Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет Астана мемлекеттік қызмет хабына қолдау көрсету келісімін ұзартты

«Қазақстан Үкіметі БҰҰ Даму бағдарламасымен 2023 жылға дейін Астана мемлекеттік қызмет хабына институционалды қолдау туралы келісімді ұзартты. Осы мәселеге қатысты Қазақстан Үкіметінің, әсіресе Сыртқы істер министрлігі мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жан-жақты қолдауын өте жоғары бағалаймыз. Бұл тұрғыда БҰҰ даму бағдарламасының барлық ұйымы тарапынан баға жетпес қолдауға ие болып отырмыз»,  деді Әлихан Байменов. Елордада өтіп жатқан Астана мемлекеттік қызмет хабының «Мемлекеттік қызметтің дамуы және ынтымақтастық» атты жылдық конференциясында.

Айта кетейік, конференция жұмысына әлемнің 40-тан астам елінен мемлекеттік қызмет уәкілетті органдары басшылары, сарапшылар, ғалымдар, сондай-ақ халықаралық ұйымдар өкілдері қатысып жатыр.

Ісшара 27-29 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында оффлайн және онлайн форматында өтеді.